Алакөл аудандық прокуратурасымен интернет-ресурстарда есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сату туралы ақпараттың таратылуына талдау жүргізілді.Нәтижесінде 6 сайт анықталды, олар арқылы пайдаланушыларға есірткі заттарының кең ассортиментін сатып алуға мүмкіндік берілді.Интернет-нарығына көптеген адамдардың қол жетімділігін, олардың арасында кәмелетке толмағандар бар екендігін, бұл халықтың денсаулығына қауіп төндіріп, қылмыстың көбею қаупін тудыратынын ескере отырып, прокуратура сотқа талап арыз берді.2021 жылғы 24 маусымда сот шешімімен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды, сайттар Қазақстан Республикасының аумағында оларды таратуға тыйым салумен заңсыз деп танылды.Алматы облысының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *