«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілде де ауылдық округтер әкімдерін сайлауы өтеді. Заңдағы жаңа басымдылық аясында ауыл әкімін бұқараның таңдауы Алматы облысының 71 округінде өткізіледі.

Аламаты облысының өңірлерінде 60 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11 — өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына орай сайланады. Естеріңізге саламыз, негізінен аймақтағы ауылдық округтерде 253 әкім бар.

Барлығы сайлауда 17 аумақтық және 198 учаскелік сайлау комиссиялары, 1451 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Сайлаушылар саны 221672 адамды құрайды.

Кандидаттыққа ұсыну жұмыстары 26 маусымнан басталған. Бүгінгі күнге дейін 260 тұлға өтінім беріп үлгерген. Оның ішінде 224-нің кандидатурасы лайық деп табылса, 9-ы белгіленген талаптарға сай келмеген.  

«Алматы облысында ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттар ұсыну бойынша  Ақсу, Панфилов, Көксу аудандарының кандидаттары  өтініштерін кері қайтарып алды»,-дейді Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық.

Республикалық бюджеттен әрбір кандидатқа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге  220 мың теңге қаржы бөлінеді. Көрсетілген  сома БАҚ-та жариялау, үгіт материалдарын шығару, көлік шығындарын өтеуге жұмсалатын болады.

Сайлауға түсуші тұлғалардан ұсыным қабылдау 9 шілде күні мәресіне жетеді. 14 -24 шілде аралығында үгіт жұмыстары жүргізіледі. Ал, 25 шілде де белгіленген сайлау учаскелерінде сайлау өтетін болады. Осылайша 71 округте  су жаңа әкім мемлекеттік қызметтің тізігінін қолына алады.

Айта кетейік, Райымбек ауданы мен  Талдықорған және Қапшағай қалалары маңындағы округтердің басшыларының қызметтік мерзімі аяқталмағанына байланысты, осы аймақтарда   ауылдық округтер әкімдерін сайлауы өткізілмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *