Талдықорған қаласының аумағында ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінде құрғақ шөптің жануының 62 жағдайы тіркелді. Ал ашық дала аумақтарында 15,3 га құрғақ шөптің жануы тіркелді.
Баспасөз-мәслихаты барысында Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Ержан Әділханов өрттің себептерін де атап өтті.
«Өрттің шығу себебі құрғақ және ыстық ауа райы, халықтың отты абайсыз қолдануы, құрғақ шөптің бақылаусыз қалуынан болды. 2021 жылы дала өрттері, ауыл шаруашылығы алқаптарындағы өрттер, сондай– ақ қала аумағында орман өрттері тіркелген жоқ», – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, елді мекендер аумағынан шыққан барлық 15 құрғақ шөптің жануы жауапты органдардың қатысуымен ауыздықталды.
Сондай-ақ, брифингте шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік тақырыбы назардан тыс қалмады. 2021 жылғы шомылу кезеңінде қайғылы оқиғалар мен адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде қаланың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыс жүргізуде.
