Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» атты ұйымдастырушылық-тәжіребиелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, Үштөбе станциясындағы желелік полиция бөліміне қарасты аумақтарда «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа төзбе» акциясы қарқанды түрде өткізілуде.
Аталған іс-шаралардың өткізілуінің негізгі мақсаты – халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Сондай-ақ, тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасының негізгі рөлі – қоғамның белсенділенуі. Яғни, әр азамат кез келген құқық бұзушылықты көріп, селқос болып қалмай, арнайы органдарға хабарлау керек.
Темір жол көлігі аймақтарында кәмелетке толмағандардың жарақат алып, келеңсіз оқиғаларға тап болу фактілерінің және кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Айта кетсек ағымдағы жылдың есептік мерзімі ішінде елімізде балардың темір жол жарақаттарына ұшыраған фактілері көптеп тіркелуде. Аталған оқиғалар кәмелетке толмағандардың темір жолдан белгіленбеген жерлерден өту немесе темір жолға жақын маңда ойнау барысында болуда. Балалардың бос уақыттарын дұрыс пайдаланып, қайда барып ойнайтындары, қайда жүргендері ата-аналары жағынан бақылаудың жоқтығын және ата-аналарының немесе олардың орнындағы ересек адамдардың кәмелетке толмаған балаларын оқытумен тәрбиелеудегі міндеттерін дұрыс орындамауларын көрсетеді. Балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алу, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша қажетті іс-шаралар жасалуда, осы негізде Үштөбе ст. ЖПб ӘПб қызметкерлерімен жолаушылар, қала маңындағы пойыздарда балаларды тасымалдау қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және де демалыс кезінде балалардың жарақат алуына жол бермеуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар болып табылады.
Үштөбе ст. ЖПб ӘПб ҰАт аға инспекторы инспекторы
полиция аға лейтенанты М.Б. Нұрасыл