Алматы облысы бойынша экология департаментінің жанынан «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық офисінің Алматы облысы бойынша филиалы құрылды. Қоршаған ортаның сапасын арттыру бойынша мүдделі жұртшылықтың қызметі мен ортақ мүдделерді қорғауға және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметке жәрдемдесуге бағытталған бұл Филиал облысымыздың экологиялық жағдайы бойынша өтініштер, ұсыныстар мен шағымдарды қарастырады.
Филиалды құрудағы негізгі мақсат – тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін жою және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады. Жобаның негізгі міндеттері – Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жолымен халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының моделін одан әрі дамыту және сыбайлас жемқорлық проблемаларын шешу, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтар мен бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу.
Айтылып отырған жемқорлықпен күрестің бірқатар бағыты Департаментпен жүргізіледі, яғни, дәрістер мен семинарлар оқылып, интернет-ресурстарын мен БАҚ-тарда баспалы мақалалар жарияланады.
Солардың бірегейі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті басшысының бұйрығымен жарты жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы бекітіледі және Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-П бұйрығымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу типтік ережесіне сәйкес, ішкі талдау бірқатар бағыттар бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық мемлекет құрудың маңызды екендігін түсінуіміз қажет. Қоғамдағы жемқорлықпен күресудің сәтті болуы еліміздің әрбір азаматына байланысты екендігін естен шығармаған абзал.
Ерасыл Бекжанов,
Алматы облысы бойынша
экология департаментінің
әдеп жөніндегі уәкілі
