«Гүлдене бер, Менің Жетісуым» эко-акциясы барысында журналистер жер жәннаты Жетісудың экологиясын сақтауға өз үлестерін қосты. Өңірлік БАҚ өкілдері мен Түркітілдес журналистер қорының мүшелері Таңбалы Тас петроглифтеріне барып тазарту жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Бұл жердің сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Тарихы тұңған, табиғаты көз тартады. Мұндағы жартастар 60 метрге жетеді. Көне  Будда мен Бурханның суреттерін, сондай-ақ әртүрлі стильде жазылған тибеттік жазуларды көруге болады. Қашалып жазылған ол жазумен  суреттер тасқа шебер жазылған, суреттер айқын салынған. «Таңбалы-Тас» кешені қызметкерінің айтуынша, нысанға келушілер жыл санап артқан. Алайда,  кейін қоқыс пен темекі тұқылдарын шашып, табиғатқа зиян келтіріп жатады дейді.

Шара барысында қалам ұстаған қауым өкілдері аумақты қоқыстан аршып, шашылып жатқан қалдықтарды шығарды. Еркін пікір алмасып, «Жетісу экологиясы», өңірдің ТҚҚ полигондары сияқты тақырыптарға ой жарыстырды.

— Бүгін мен Жетісу өңірінің табиғатын тазартуға өз үлесімді қостым. Көбінесе біз қоршаған ортаны қорғауымыз керек екенін ұмытып кетеміз. Мұның бәрі тәрбиеден басталады, сондықтан біз балаларды бала кезінен тазалыққа үйретуіміз керек. Өйткені, үйде біз қоқыс тастамаймыз. Экологияның сақталуына үлесімізді қосайық, — деді тележурналист Арай Жұмашқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *