Ағымдағы жылдың мамыр айының 11 күні әлеуметтік – шығармашылық жұмыс жөніндегі бөлімімен кәсіподақ бірлескен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, әкімшілік – шаруашылық бағытындағы қызметкерлер арасында «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соқсын жүрегім!» тақырыбында ақындар өлеңдерін жатқа оқудан онлайн байқауы өтті.
Байқауға қатысушылар өздерінің жатқа оқыған өлеңдеріне бейнеролик түсіріп, ұйымдастыру комитетіне жіберген. Байқау қазылары бейнероликтің сапалығына, дауыс ырғағына, өлеңді оқу мәнеріне көңіл бөліп жеңімпазды анықтады.
Комиссия мүшелерінің шешімімен қауіпсіздік қызмет бөлімінің күзетшісі Шоқыбаев Амир Жакипбекович I орынды иеленді. Жеңімпаз «Жаркент – Арасан» медициналық сауықтыру кешеніне жолдама және мадақтама дипломымен марапатталды. Жеңіс Құтты болсын!
