Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша барлық өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінде білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрылды. 

          Консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеттері «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдағы педагог мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру болып табылады.

        Бүгінгі күні облыс бойынша 944, оның ішінде мектептерде — 691, колледждерде – 62, балабақшаларда – 177 және қосымша білім беру ұйымдарында 14 Кеңес жұмыс жасауда. Құрылған Кеңестер педагогтердің жалпы саны 12 арызын қараған.

«Кеңестерге педагогтерден түсетін арыздардың саны өте аз. Алайда біздің департамент әлеуметтік желілерге үнемі жүргізіп отыратын мониторинг нәтижелері, өкінішке орай, республика көлемінде, оның ішінде біздің өңірде де педагогтердің құқықтарын, педагогтік әдеп нормаларын өрескел бұзу фактілері әлі де кездесетінін көрсетеді. Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде осындай 35 жариялым жарық көрді»,-дейді Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *