Алматы облысында ақпараттық ашықтық пен айқындықты арттыру үшін Кезекте тұрғандардың бірыңғай базасы іске қосылды. Жақында кезекте тұрғандар өз кезектері туралы біліп, өздерінің наразылықтарын білдірген. Өз кезегінде ТҮКШ өкілдері барлық жағдайды түсіндіріп берді.
Талдықорған қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мәліметтері бойынша облыс орталығында 14 567 адам үй кезегінде тұр. Бүгінгі күні аталған бағытта Бірыңғай Республикалық базасы енгізіліп, кейбір топтар біріктіріліп, кезектің жылжуы анағұрлым жақсармақ.

  • Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ақпарат және коммуникациялар Вице-министрі «мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы»сервистік бағдарламалық өнімін жобалауға арналған тапсырманы бекітті. Сервистік бағдарламалық өнім ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақтан өтті. Барлық 19 санатты 6 санатқа біріктіргеннен кейін кезек нөмірлерінде өзгеріс болды, бұл база тұрғын үй алатындардың көп болуына ықпал етеді деп айтқымыз келеді. Сондай-ақ, бәрі ашық, мөлдір және дәл болады. Кез келген адам өз кезегінің жылжуын қадағалай алады. — деді «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Нұрым Әлиұлы.
    Естеріңізге сала кетейік, бірыңғай база аясында түгендеу жүргізіліп, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға Кезекте тұрғандардың мәртебесі 6 санат бойынша айқындалады: ҰОС ардагерлері (ҰОС қатысушылары мен мүгедектері), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар , көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр Ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы», көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылғандар.
    2021 жылы жоғарыда аталған санаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді, кезекте тұрғандарды бөлу мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін азаматтарды есепке қою күніне сәйкес жүргізілді және кезектілік бірыңғай республикалық кезекте тұрғандар базасында ғана жүргізіледі.
    2020 жылғы сәуір-2021 жылғы ақпан аралығында 54 000 мың бұйрық орындалып, қорытындысы бойынша 5 305 азамат кезектен алынды.
    Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Талдықорған қаласы әкімінің ресми сайтында кезекте тұрған азаматтардың тізімі жарияланады. Сондай-ақ, кезектілік СПП базасы арқылы жүргізілген жағдайда, есепте тұрған азамат кез келген уақытта www.egov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы тұрғын үйге өз кезегін біліп, бақылай алады.Бағдарлама құжаттарды түгендеуге тапсыруды сұрамайды, өйткені электрондық база түгендеуді дербес жүргізеді.
    Кезек нөмірі туралы анықтама СПП базасынан бірден беріледі, анықтамаларға қол қоюды күтудің қажеті жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *