«Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2020 жылы жалпы көлемі 166,4 млрд. теңге төңірегінде 644 сатып алу қызметін жүзеге асырған. Бұл туралы “Jetisy Media” ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Мемлекеттік сатып алу мәселесі тікелей ата заңда көрсетілген қағидаттармен міндеттерге сай іске асырылады. Ел экономикасына сүбелі үлес қосуға қауқарлы аталмыш рәсімнің салмағы ауыр әрі жауапкершілігі жоғары.

2015 жылы  15 қаңтарда Алматы облысыны әкімдігінің       № 23 қаулысы негізінде  құрылған мемлекеттік мекеме  аумақ бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша басқару жұмыстарын жүргізеді. Ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз. Тарқатып айтсақ, жалпы сомасы 109,1 млрд.теңгеге 228 мемлекеттік сатып алу жөнінде қорытынды есеп шығарылды. Қазіргі сәтте  37,8 млрд. теңге аясында     103 бірдей  мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп жатыр”, деп хабарлады «Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-і басқарма басшысының орынбасары Шайнусипов Ілияс Темирланұлы.

Еске сала кетейік, аталмыш қызметті жүйелі атқару үшін барлық құжаттамалар қатаң тексерістен өтеді әрі мекемеге арнайы мониторинг жұмыстарын өткізу жүктеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *