І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында шахматтан турнирі өтті. Шараның өтуіне университет спортклубы мен кәсіподақ филиалы ұйытқы болды.
Іс-шара мақсаты қатысушыларды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және әріптестер арасында достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталды.
Басқарма төрағасы – Ректор, г.ғ.д., профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы бастапқы сөз кезегінде: «Біздің де негізгі мақсатымыз жас ұрпақты халқына қалаулы, дені сау, сымбатты, шыныққан, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу» деп іс-шараның маңыздылығын көрсетті.
Іс-шараға 20 дан астам қатысушылар қатысып, өз шеберлігін көрсете білді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып төмендегі қатысушылар орынға ие болды: Ерлер арасында:
III – Тоқтаров Ақниет (Дене шынықтыру және өнер факультеті)
II – Мукушев Алишер (Ректорат құрамасы)
I – Сакибаев Спартак (Техникалық факультеті)
Әйелдер арасында:
III – Омарова Гуля (Zhansugupov college)
II – Кенджасарова Айгерім (Құқық және экономика факультеті)
I – Оспанова Жансая (Ректорат құрамасы)
Жеңімпаздарға I орын 25 000, II –орын 15 000, III – орын 10 000 теңге сомасында ақшалай сертифаттар мен дипломдар табысталды.


Автор жастар саясаты жөніндегі проректор
Сериев Болат Абдулдаұлы