Спорттың ерек түрі джиу-джитсу. Бүгінде жасөспірімдер қызығушылық танытып жүрген спорттық саланың бірі. Жақында, нақытласақ, 16-18 сәуір күндері аталмыш спорт түрінен Ескібастұз қаласында байрақты бәсеке өтті.
Сайып қырандардың сайысында, Алматы облысы, Ақсу ауданының өрендері үздік шықты.
Н. Есболатов ауылының балалары ҚР Чемпионатында топ жарды. Тарқытып айтар болсақ, қыздар арасында 47 келі салмақта, Аружан Жақан 1 орынды иелесенсе, жүлделі екінші орынды Айнұр Алпысбай қанжығалады. Ақерке Рафхатқызы 59кг 3 орыннан табылды. Ал, Аяжан Жақан 40 келі салмақта, Ағжан Саят 64 келіде 1 орыннан көрінді. Ал, Алишер Төлеубек 70 селі салмақта өнер көрсетіп, қарсыластарын сан соқтырып, 1 орынды иеленді. Осылайша, асқуслық өрендер Ресупблика аумағында шашасына шаң жұқтырмас жүйрік екенін дәлелдеп бақты.
Кіл мықтыларды дайындаған бапкер, Азат Мұсабав. «Ұстаздан шәкірт озар» деген осы болса куерек, аламанда асықтары алшысынан түсе берсін деген тілек қана біздегі. Өрлей бер, жас ұлан!
