2021 жылдың 8 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Адалдық сағаты» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Іс-шараға факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессорлық оқытушылар құрамы, курс кураторлары, топ старосталары мен белсенді білімгерлер қатысты.
Кездесу модераторы: Басқарма төрағасы — Ректор, г.ғ.д. профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы бастапқы өз сөзінде: «Құрметті қатысушылар бүгінгі кездесуге арнайы спикерлер Алматы облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Жумабаев Жандос Сағындықұлы, «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы және Басқарма мүшесі — Жастар саясаты жөніндегі проректор Сериев Болат Абдулдаұлы қатысып отыр. Қазіргі тәрбие жұмысы бағытында осындай адалдық сағатын өткізгелі отырмыз. Осы тақырыпты сіздерге түсіндіріп, заңдардағы жаңа өзгерістерді айтып, сұрақтарынызға жауап алатын боласыздар» деп өз кезегінде кездесуді бастады.
Спикер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Жумабаев Жандос Сағындықұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы – іс қимыл мәселелері бойынша заңнамалық новеллалар» атты баяндамасында: «Құрметті жиынға қатысушылар барлықтарыңызға белгілі жемқорлықтың алдын алу үшін, болдырмау үшін осындай профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырып тұруымыз қажет. Өздерініз білесіздер Жоғары оқу орындары мен колледждердің қабырғаларында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» деген жоба бар. Мектептердің қабырғаларында «Адал ұрпақ» деген жоба іске асуда. Жалпы біз әрқашанда білім саласында өскелең ұрпаққа жемқорлықтың алдын алу бойынша осындай іс-шаралар арқылы жаманшылықтың алдын алу мақсатында ескертіп келеміз. Осы мақсатта тиісті ұйымдармен жан-жақты жұмыстар атқарылып келеді. Өткен жылы тамыз айында мемлекет басшысымен осы тақырыпта жиын өткен болатын. Президенттін берген тапсырмасына сәйкес бұл жиынға барлық үкімет мүшелері, облыс, қала әкімдері қатысқан. Бұл жерде басты тапсырманың бірі осы жемқорлықтың алдын алу және болдырмау үшін аса көңіл бөлу қажет деп айтылған болатын. Сол себептен қазіргі кезде біз әлі күнге дейін айтып келеміз осы жемқорлықтың алдын алу бағытында 80 % көзделген болатын деп сөз кезегін бастады».
Баяндама барысында жастарға қазіргі уақытта білім саласында жұмыс атқарып жатқан клубтардың жұмысы туралы мәліметтер берілді. Қатысушыларға облыс аумағында жыл басынан орын алған құқық бұзушылықтар туралы нақты фактілер келтірілді.
Келесі сөз кезегін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы «Жетісу адалдық алаңы» кеңсесінің атқарған жұмыстары және жоспарлары» тақырыбында баяндамасын тарту етті. Өз сөзінде «Жас ұрпаққа тәрбие отбасынан басталады. Жас баланы жастайын алдамай саналы түрде тәрбие беруіміз қажет. Кейін отбасынан дұрыс тәрбие алған бала өскенде лауазымдық қызметке отырған кезде жақсы маман шығады. Жемқорлықтың алдын алу бойынша қазіргі уақытта кездесулер өтіп жатыр. Осындай кездесулерден алған мәліметтерді отбасыдағы жастарға насихат айтып түсіндіру қажет. Ата – анасы баласына дұрыс тәрбие берген кезде ғана біздің жұмысымыздың нәтижесі шығады» — деп бастады. Баяндама барысында күнделікті тұрмыс-жағдайдағы әр түрлі факторлардың адам психологиясына әсері, қоғамдағы жемқорлыққа итермелейтін факторлар жайлы нақты фактілер келтірілді.
Студенттер тарапынан спикерлерге Саналы ұрпақ жобасы жұмысы туралы қысқаша мәлімет берсеңіздер? Сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын себептері қандай?, Мектеп қабырғасында оқушыларға неге жемқорлық туралы іс-шаралар мәліметтер аз өтеді? деген бірқатар сұрақтар қойылды.
Қорытындалай келе, іс-шараға қатысқан спикерлер білімгерлерді «адал қоғам» түсінігін жетелеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу оған төзбеуден басталатының айтты. Қатысушылар жиынға белсене қатысып, сыбайлас жемқорлық туралы отбасындағы тәрбиені қалай жүргізу керек, мектеп, жоғары оқу орындарындағы жемқорлықты болдырмаудың жолдары қандай, мектептерде арнайы пән енгізіле ме, деген сарындағы сауалдарын жолдады. Ұсыныстар назарға алынып, жұмысты тиімді өткізу үшін жоспарлар құрылды.

Жастар саясаты жөніндегі проректор, з.ғ.к., профессор
Сериев Болат Абдулдаұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *