• Последнее
  • В тренде
  • Все

Жетісулық жас кәсіпкер топырақты пайдаланбай жемшөп өсіруде

05.04.2021

За 1 квартал 2021 года в сфере образования оказано почти 58 тыс государственных услуг

23.04.2021

3 тысячи человек планируют обучить бизнесу в Алматинской области

23.04.2021

Алматы облысында 3 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады

23.04.2021

Жетісу жерінде 103 мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілді

23.04.2021

Госзакуп на сумму порядка 110 млрд.тенге проведено в Алматинской области

23.04.2021

Алматы облысында 63 жылжымалы егу пункті жұмыс істейді

23.04.2021

В Алматинской области действует 63 передвижных пункта вакцинации

23.04.2021

Алматы облысында 49 мың бала алғаш мектеп табалдырығын аттайды

22.04.2021

Университетте шахмат ойыны бойынша «Ректор кубогі» өтті

20.04.2021

Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер сервистік қызмет алды

20.04.2021

В Алматинской области порядка 5 тысяч предпринимателей получили сервисные услуги

20.04.2021

Как и где потребитель может подать жалобу?

20.04.2021
  • О нас
  • Пресс-секретари
  • Рейтинги акимов
  • Контакты
Пятница, 23 апреля, 2021
  • Логин
  • Главная
  • Политика
  • Общество
  • Образование
  • Культура
  • Экономика
  • Спорт
  • Здоровье
  • Туризм
  • Районы
Нет результатов
Посмотреть все результаты
Нет результатов
Посмотреть все результаты
Главная Новости

Жетісулық жас кәсіпкер топырақты пайдаланбай жемшөп өсіруде

Zhetysu Media Zhetysu Media
05.04.2021
Новости
ОтправитьТвитнуть

Алматы облысының 26 жасар тұрғыны Нұрас Тәлім гидропоника көмегімен жасыл жемшөп өсіре бастады. Гидропоника топырақты пайдаланбай, құрама жемге балама бола алатын экологиялық таза өсімдікті өсіру тәсілі.
Нұрас кәсібін мемлекеттік бағдарламаға қатысудың арқасында бастап отыр. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары жас кәсіпкерге идеясын іске асыру үшін «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері жобасы бойынша оқытудан өтіп, кейін мемлекеттік грант байқауына және жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынды.
Кәсіпкер Талғар ауданының Қарабұлақ ауылында тұрады. Негізгі мамандығы — инженер-техник және автоэлектрик. Алайда, мамандығы бойынша ұзақ жұмыс істемеді. Себебі кәсібін ашып, өзіне жұмыс істеуге және қаржылай тәуелсіз болуға ұмтылды.
«Кәсіпкер болу мақсатым болды. Қоғамға бір пайдамды тигізіп, алға қойған армандарды орындағым келеді. «Бастау Бизнес» жобасына келіп, өзімнің арманыма бір қадам жасадым деп есептеймін. Міне, сондықтан да қиындығы мен қуанышы қатар кәсіпкерлік жолды тандадым. Ұзақ уақыт бойы айналысатын бизнестің түрін зерттеп, гидропоника сияқты инновациялық бағытты таңдадым. Бұл сала біздің елімізде енді ғана дами бастады, әлеуеті жоғары», — дейді кәсіпкер.
Өткен жылы Нұрас «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша гранттар байқауына қатысты. Оның өсіп келе жатқан дәнді пайдаланып, гидропоникалық жасыл жемшөп өсіруді ұйымдастыру және оны түйіршіктеу жобасы инновациялық деп танылып, 2,5 млн теңге көлемінде грант бөлінді.
Кәсіпкердің айтуынша, қаражатқа шағын жылыжай салып, гидропоникалық қондырғы, жабдықтар, дәндер сатып алынды. Қазір жылыжайда арпа, бидай және жүгерінің бірнеше түрі өсіріледі, сонымен қатар бидай өскіндерінен дәрумендер шырыны алынады. Шағын жылыжайдың айына бір тоннаға дейін жемшөп өсіруге қауқары бар. Шөп топырақсыз өсірілетіндіктен, қосымша салымды қажет етпейді. Тек жылыжайда әрқашан ерекше микроклимат сақталуы керек.
«Инновациялық жобамызға бірнеше ай ғана болды. 2020 жылдың соңынан бастап жұмыс істей бастадық. Қазір серіктестермен әріптестікті жолға қойып жатырмыз, бірқатар мүдделі сатып алушыларымыз бар. Жалпы, жасыл жемшөп малдың негізгі тамақтануына арналған жем қоспасы. Гидропоникада өсірілген жасыл жемде малға қажетті барлық қажетті қоректік заттар бар екендігі дәлелденген. Сондықтан пайдалы, әрі сіңімді ас болады. Ең бастысы, құрама жемге балама бола алатын экологиялық таза өнім», — деп атап өтті жас кәсіпкер.
Енді кәсіпкер өңірдегі ірі мал шаруашылығы кешендерімен ынтымақтастықты дамытпақшы. Сондай-ақ келесі жылы малға арналған түйіршіктелген жасыл жемшөп өндірісін ашуды жоспарлап отыр.

Предыдущий пост

Алматы облысының оңтүстік өңірінде 9 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан

Следующий пост

Зеленые корма по инновационной технологии выращивает молодой предприниматель из Алматинской области

Следующий пост

Зеленые корма по инновационной технологии выращивает молодой предприниматель из Алматинской области

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • В тренде
  • Комментарии
  • Последнее
РУКОВОДИТЕЛЬ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ СЛУЖБЫ ПО АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ В ПРЯМОМ ЭФИРЕ РАССКАЗАЛ О ПРИНИМАЕМЫХ МЕРАХ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ

РУКОВОДИТЕЛЬ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ СЛУЖБЫ ПО АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ В ПРЯМОМ ЭФИРЕ РАССКАЗАЛ О ПРИНИМАЕМЫХ МЕРАХ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ

19.11.2020
Біртанов коронавирустан қорғану жолын айтты

Біртанов коронавирустан қорғану жолын айтты

10.03.2020
В некоторых районах Алматинской области усилен режим карантина

В некоторых районах Алматинской области усилен режим карантина

18.05.2020
Алматы облысында тоғыз дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Облыста ауыз су мен жол мәселесі шешімін табуда

5
Алматы облысында 3600 отбасы баспаналы болмақ

1268 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді

3
Алматы облысында АӘК 144,1 мың адамға беріледі

Алматы облысында АӘК 144,1 мың адамға беріледі

2

За 1 квартал 2021 года в сфере образования оказано почти 58 тыс государственных услуг

23.04.2021

3 тысячи человек планируют обучить бизнесу в Алматинской области

23.04.2021

Алматы облысында 3 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады

23.04.2021

2020 zhetysu-media.kz

Навигация по сайту

  • О нас
  • Пресс-секретари
  • Рейтинги акимов
  • Контакты

Подпишись

Нет результатов
Посмотреть все результаты
  • Home

2020 zhetysu-media.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Create New Account!

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In