Тәуелсіздік алғаннан кейін батыс және шығыс өркениеттерінің тоғысында орналасқан біздің еліміз 130-дан астам ұлт пен 18 конфессия өкілдері үшін алтын ұя Отанына айналды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі дегеніміз – ол әртүрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуі бүкіл әлемдік процессіне Қазақ Елінің қосқан шынайы үлесі»,-деп санайды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты  мақаласында Қазақстандағы дінаралық келісім — біз сақтауға және дамытуға тиіс ұлы құндылық екенін атап өткен болатын. 

Республикамыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қазақстандағы конфессияаралық және этносаралық келісімге арналған онлайн-конференция өтті. Оған әр елден 10-нан астам спикерлер қатысты, олардың ішінде ҚМДБ төрағасы, мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, дін институттарының өкілдері,ғалымдар, профессорлар, дінаралық имам Шовосил Зиядов, РФ Ислам институтының ректоры Рафик Мухаметшин де бар.

 Жиынға қатысушылардың айтуынша, мұндай кездесулер деструктивті және экстремистік діни құрылымдардың қызметіне жол бермеуге, бұқараға олардың негізгі ұстанған бағыттарының мағынасын түсіндіруге мүмкіндік береді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы Алматы әкімдігімен бірлесіп, заманауи медиа технологияларды қолдану арқылы жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру  бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде», — деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли.

Мысалы, аймақта Республикада  көрсетілген 18 конфессиялық ілімнің 12-сі, өңірімізде ресми тіркеліп қызмет атқаруда. Аталған конфессияларға қарасты 644 діни бірлестіктермен филиалдары бар.

2021 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген әлеуметтік зерттеуге мәліметтер бойынша, облыс тұрғындарының діни саладағы және конфессияаралық мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі 89,5%-ды құрайтындығы белгілі болды, түрлі ұлт өкілдері арасында бейбіт достық қарым-қатынас орнаған 93 %-ды анықталды, ал діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары туралы халықтың хабардар болу деңгейі 73,9% -ды көрсеткен.

Қазақстанның егемендік жылдарында бастан кешіп отырған экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени даму қарқынына қарамастан, әртүрлі Руханият өкілдері арасындағы қатынастар мәселесі күн тәртібінентүспек емес. Ал мұндай кездесулер дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда және халықтың діни сауаттылығын арттыруда, сондай-ақ дінаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда айтарлықтай нәтижелер береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *