Алматы облысында «Мирас» Жетісу дәстүрлі ән орталығы құрылдыЕсті адамның есінде қалар, ұрпақтың рухани кемелденуіне түрткі болар өнердің бірі – дәстүрлі әуен. Оның жүрек қылын қозғар нәзік пернелері ұлы даланың тауы мен тасында жатқан жұмбақ құбылысты адамзаттың бойына топтастырып берерліктей күшке ие. Міне, осындай көзге көрінбес, қозғаушы күштің жетілуіне себепкер болатын ән орталығы, Жетісу өңірінде ресми түрде өз жұмысын бастады. Аталмыш жаңа орталық қоғамдық бірлестік негізінде жұмыс істейді. Ұйымға Сүйінбай атындағы облыстық филармонияда өнер көрсетіп жүрген көпшілікке танымал дәстүрлі әншілер Ерұлан Жебегенов, Сая Есенгелдинова, Құралай Шаяхметова, Кенжекей Ақжолова жетекшілік етеді.Аладғы уақытта, Жетісу ән мектебін насихаттау және дәріптеу,тыңдарман арасында дәстүрлі ән трендін қалыптастыру,шалғай ауылдарда танылмай жүрген таланаттарды тауып, өнерге баулый отырып,дәстүрлі ән өнері бойынша байқауларды ұйымдастыру көзделуде. Осыған орай, қажетті тарихи материалдарды алу негізінде архивтермен бірлесе жұмыс жасап шетелдердегі дәстүрлі өнер ұжымдарымен тәжірибе алмасу жоспарланған. Айта кетерлігі, ендігіде жетісудың жыр-жауһарлары бір жинаққа топтастырылып, құлақ құрышын қандыратын әуезді әндер кітапқа кіріктірлмек.«Бүгінгі күнге жетіп ел аузында айтылып жүрген Жетісудің әндерін жинақтау және айтылмаған, ұмыт қалған әндерді тауып болашақ ұрпаққа жеткізу, тарихта қалдыру мақсатында кітап шығаруды міндетті деп санаймыз.Кітапқа өмірден өткен ақын- композиторлардың әндері, өмірбаяндары, әндердің ноталары және әншілердің орындауындағы дисктері кіргізіледі»-деді Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Марлен Көлбаев.Қазіргі уақытта ән орталығының құрамында 20 дәстүрлі әнші бар. Алдағы уақытта Республика бойынша осы Жетісу әншілік мектебін насихаттап жүрген орындаушылармен байланысып, мүшелікке қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, арнайы бөлінген қаражаттарды пайдалана отырып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылмақ. Өнер кеші шет елде өткізілуі де ықтимал. жергілікті әншілерде аталған кешке қатысады деп күтілуде. Меруерт Ақбарова
