Елімізде 2020 жылдан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ( ТІЖ) электрондық түрде ресімдеу пилоттық жобасы енгізілген. Ал ағымдағы жылы ТІЖ ресімдеу бойынша міндеттемелер жарты жыл шінде кезең-кезеңмен іске асады. Алматы облысында аталған шара кәсіпкерліктің барлық бағыттары бойынша 10 мыңнан астам субъектіні қамтыған.
Аталмыш бухгалтерлік құжат, тауарларды бір адамнан екінші адамға ауыстыру кезінде қажет болатын ілеспе қағазы.
ТІЖ енгізудің көмегімен мемлекет тауарды әкелу немесе өндіру сәтінен бастап тауар бірлігін соңғы тұтынушыға сатуға дейінгі барлық мәмілелер мен тауар қозғалыстарын қадағалауға мүмкіндік беретін, елде тауар айналымының ашық жүйесін құрайды.
Сондай-ақ,ТІЖ-ны рәсімдеу барысында, бірінші кезекте бұл тауарлар импортымен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты.Сонымен қатар,көптеген өтініштер мен сұраныстар бойынша пилоттық жобаның мерзімі ұзартылған болатын.Қаржы Министрлігінің жарияланған жобасына сәйкес «Ашық НҚА» порталында ТІЖ енгізу бойынша жобаны іске асыру мерзімдері,соңғы деректер бойынша мынадай тармақтарды ауыстыруды көзделген: биоотын, этил спирті мен алкоголь, мұнай өнімдерінің кейбір түрлері ,темекі өнімдері,виртуалды қойма тауарлары, таңбалауға жататын тауарлар және т.б.
Ал,акцизделетін өнімдермен айналысатындар үшін ТІЖ қолданыстағы үш жүкқұжаттың орнына бірыңғай құжат болады: СНА, СНН, СНТИ.Айта кету керек,ТІЖ-нің тауарды босатуға арналған әдеттегі жүкқұжаттан басты айырмашылығы,ол тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың белгілі бір тауар топтары үшін қажет екендігі болып табылады.
«ТІЖ қабылдауды және жіберуді бастау үшін ЭШФ АЖ порталында есептік жазбаны енгізу қажет.ЭШФ АЖ порталында ТІЖ-мен ресімделетін тауарды есепке алу үшін құрылған «Виртуалды қойма» модулі бар.Ең алдымен, жүйеде сізде бар өнімді, яғни ағымдағы қалдықтарды ескере отырып, содан кейін тауарды ТІЖ көмегімен қабылдап, жөнелту керек. ТІЖ міндетті түрде енгізілген сәттен бастап сіздің нақты қоймаларыңыздағы тауардың саны, ӘК-де мәлімделген бұлтты қойманың санына сәйкес келуі тиіс»,– деді Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы Елдос Тұлымшақов.
Меруерт Ақбарова
