2020-2021 жылдың жылыту кезеңінің басынан бастап облыс аумағында 357 өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан 26 адам қаза тауып, 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Ал,  улы газбен уланудан 16 адам зардап шекті. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлімделді.

Қызыл жалыннан келетін залалдың алдын алу мақсатында ТЖ департаменті мамандарының қатысуымен 15 024 үйі тексерістен өтіп,  арнайы нұсқау берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, есепке алынған үйлер араланып, жалпы саны 345 807 тұрғын үй профилактикалық шаралармен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, улы газбен уланудан немесе жану өнімдерінен болған қайғылы жағдайлардың алдын алу  мақсатында өткен жылыту кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 24 мың улы газ датчиктері орнатылды.

Жылыту маусымында өрттен қатер төнсе, күннің көзі жылынған сәтте, су басу ықтималдығы жоғарлайтындығы тағы бар.

Мамандар, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарын су басу қауіпі жоғары аймақ деп танып отыр.

«Облыс аумағында су басу қаупі бар 42 учаске бар. Қауіпті учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда төмендеді. 2020 жылы есепте 48, 2019 жылы 134 су тасқыны қауіпті учаске болды. Барлық учаскелер ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында»,-дейді Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Ахашов.

Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда жалпы саны 4135 адам, 905 бірлік техника, 172 мотопомпа, 20 бірлік жүзу құралы және 79 елді мекенде 120 эвакуациялық пункт облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын топтастыру құрылғандығын баса айтқан абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *