Еліміздегі бас партияның құрылғанына 22 жыл!. 1999 жылдың көктемінде алғаш рет партияның уықтары қадалды. Содан бері керегесін кеңге жайған «Нұр Отан» партиясының қатары күннен-күнге ұлғаюда.
Жалын атқан жастай жасампаздыққа бет бұрған партияға республика бойынша 700 мың адам мүше. Оның ішінде 85 мың азамат Алматы облысының тұрғындары. Қазіргі күні, Жетісу өлкесінде 316 бастауыш партия, 2 мыңнан астам құрылымдық топ бар. Олардың барлығы «бір мақсат, бір мүдде» жолында еңбек етуде.
Былтыр, партия ішілік сайлау науқаны республикалық деңгейде өткізілген еді. Сайлау нәтижесі бойынша «Nur Otan» партиясы 80,5%, дауыс жинап жеңіске жеткен болатын.
Сайлау заңнамасына енген өзгерістерге сай және партия Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліске және мәслихаттарға ұсынылатын партиялық тізімде кем дегенде әйелдерге 30% және 35 жасқа дейінгі жастар үшін 20% квота белгіленген.
««Nur Otan» праймеризі гендерлік саясатқа жаңа леп алып келді. Праймериге қатысқан үміткерлердің 36,7% – әйелдер, 29% – 35 жасқа дейінгі жастар болды. Оның ішінде облысымызда 404 немесе 36,4% әйелдер, 35 жасқа дейін 273 немесе 25% жастар болды»,- дейді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева.
Сайлау нәтижелері, Алматы облыстық мәслихатының жаңа құрамында 304 депутат оның ішінде нәзік жандылар 32%. Облыстық 37 депутаттың ішінде әйелдер 30%, құрағанын көрсетіп отыр. Аудандық мәслихаттарда – 233 депутат, оның ішінде 32,3% арулар қауымы болып табылады. Ал қалалық мәслихаттарда – 34 депутат оның ішінде әйелдердің үлесі 32,1%-ға жеткен.
«Облысымызда 316 бастауыш ұйым болса, соның 11,1% әйелдер қауымы төрағалық етеді. Олардың саны 35 құрап отыр»,-деп атап өтті спикер.
Елдік мүдде үшін қашанда алдыңғы шепте жүретін партия, коронавирус індетті жайлаған тұста шетте қалдамды. Қоғаммен біте қайнасып, тегеурінді жұмыстар атқарды.
Өткен жылы «Nur Otan» партиясы «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Жастар Отанға» жобалары негізінде «BIZ BIRGEMIZ» атты республикалық акция аясында Алматы облысы бойынша 318 889 601 теңгеге 29 607 мұқтаж жанға көмек көрсетті.
Сондай-ақ,Республикалық «BIRGEMIZ» қорынан аймақтық қорға 2,2 млрд.теңге көлемінде қаражат аударылып, 44 мыңнан астам жанға 50 000 теңгеден берілген болатын.
Бұл бағыттағы жобалар алдағы таңдада жалғасын таппақ.Ағымдағы жылы партияның бастамасымен басты мерейтойлар жоғары деңгейда аталып өтіледі деп күтілуде.