Алматы облысында дене шынықтыруға ерекше көңіл бөлінуде. Оған жаңа спорт нысандарының салынуы мен Жетісу спортшыларының жақсы көрсеткіштерім дәлел. Биылдың өзінде облыста 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы басталмақ. Бұл туралы өңір басшысының онлайн форматтағы халықпен кездесуінде белгілі болды.
Айта кету керек, өткен жылы Қарасай ауданының Райымбек ауылында, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында және Көксу ауданының Балпық би ауылында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.
«Осындай нысандарды салу арқылы біз тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына жағдай жасаймыз, балалардың ерте жастан бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануына шақырамыз», – деп атап өтті Амандық Баталов.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында мәдениет және спорт саалсында 18 ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді, үш нысанның құрылысы осы жылы аяқталады.