Алматы облысында «қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру мемлекеттік бағдарламасы аясында 183 жоба мақұлданды. Бұл туралы облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде белгілі болды. Кездесу онлайн форматта өтті.
Барлық мақұлданған жобалардың жалпы сомасы шамамен 56 миллиард теңгені құрайды. Арасында ауыл шаруашылығы және туризм секілді түрлі саланың жобалары қолдау тапқан . Сондай-ақ, электр жабдықтарын, пластиктен жасалған тауарларды, кондитерлік өнімдерді, тауық еті мен жұмыртқаны өңдіру жобаларын да кездестіруге болады. Облыс әкімінің айтуынша, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы ықпал етіп отыр.
Айта кетейік, жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 трлн теңгеге жетпек. Шикізаттық емес экспорттың көлемі 18% артып, 400 млн. АҚШ долларына жетпек.