Алматы облысында инвестициялық жобаларға ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде өңірде қосымша жұмыс орындары ашылып жатыр. Бұл туралы халықпен онлайн кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
Облыстың инвестициялық қоржынында 44 мың жұмыс орны бар, 546 жоба тіркелген. Жалпы құны, 5,4 трлн теңге.
«Мұнда жалпы соммасы 250 млрд теңге болатын 9 трансұлттық компанияның үлесі зор. Олар 7,6 мың жұмыс орнын ұсынбақ. Өз кезегінде, біз инвесторлар үшін барлық жағдайды жасаймыз.»,- деді Амандық Баталов.
Бүгінде үш жоба іске асты. (Маревен Фуд, Лукойл, Willo). Ал, биыл қуаттылығы жылына 60 мың тонна болатын «Фид Миллс» жем зауыты пайдалануға беріледі. Наурыз айында инвестиция көлемі 47 млрд. теңге, 360 жұмыс орнын құратын «Алацем» зауыты іске қосылады. Айта кету керек, бұл өңірдегі ең алғашқы цемент зауыты.