Ұлттық тауар өткізу жүйесі шеңберінде Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданында және Қапшағай қаласында екі көтерме-тарату орталығы құрылады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.
Өңір басшысының айтуынша, қазіргі заманғы көтерме-тарату орталығы өнімді шоғырландыруға, оны шығынсыз сақтауға және ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Құрылған көтерме-тарату орталықтары азық-түлік тізбегінің шығынын азайту, бағаны тұрақтандыру, сауда инфрақұрылымын дамыту және экспорт арналарын құру мәселелерін кешенді түрде шешеді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бір триллионға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Еңбек өнімділігі бір адамға 2,8 млн. теңгені құрайды . Бұл көрсеткіш өткен жылы 2,4 млн.теңгені құрады», – деп атап өтті әкім.
Өз кезегінде ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ұлттық тауар өткізу жүйесі кластерлерді, фермерлерді, сатып алушыларды, көлік жүргізушілерді, өткізушілерді және тұтынушыларды біріктіру үшін зәкірлі инфрақұрылым болатынын атап өтті. Ұсынылып отырған жүйенің өзегі үш типтегі көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай желісі болады.