Алматы облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуінде жолдың құрылысы мен жөндеуіне 61 млрд.теңге бөлінгені белгілі болды. Бүгінде жолдардың сапасы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 84% жетіп, биыл 89% – ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
«Облыста жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлінеді. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 347 ауылдағы жолдың сапасы жақсарды. Сондай-ақ, ЖҚЖК аясында 216 ауылда 18 млрд.теңгеге жөндеу жүргізілді», – деді Амандық Баталов.
Ауылда өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру үшін 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жоба аясында 97 шақырым инженерлік желілер мен 138 шақырым ауылішілік жолдар жөндеуден өтті. Мәселен, Сарыөзек аудан орталығында сумен жабдықтау, ауылішілік жолдарды, тротуарларды жөндеу, көше жарығын орнату бойынша 12 жоба іске асырылды.