«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың және партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша және партия Жарғысының 9.3 тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен Гүлнәр Қожағұлқызы Тойлыбаева партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов Гүлнәр Тойлыбаеваның жаңа қызметке тағайындылуымен арнайы келіп, сәттілігін тіледі.
Гүлнәр Тойлыбаева бұл лауазымға дейін, 2016 жылдан бері аталған саяси ұйымның төраға орынбасары лауазымын атқарған. Партия қызметіндегі жұмыс өтілі жалпы 13 жыл. 1989 жылы Қарабұлақ кенті Киров атындағы мектепте ұстаздық қызметтен бастап, Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметін атқарып келді. 2007 жылдан «Nur Otan» партиясында саяси жұмыс, ұйымдастыру-бақылау бөлімдеріне жетекшілік етті.
Бұған дейінгі партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған Жанболат Әкебайұлы Жөргенбаев облыстық партия филиалы Саяси кеңес Бюросының ұсынысымен Алматы облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне 15 қаңтар күні облыстық мәслихат сессиясында сайланды.