Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына сайлауға түсушілер арасындағы үгіт-насихат жұмысы да өз мәресіне жетті. Еліміздегі билік сатысынан көрінуші кандидаттар қатарынан «NurOtan» партиясының үміткерлері биыл да төбе көрсетті.
Аталған саяси партияның үгіт жұмыстары «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы аясында жүргізілді. Бұл партияның алдағы 5 жылға арналған нақты жұмыс жоспары болмақ.
«Үгіт-насихат науқанының басты қағидасы – адамдармен тікелей және шынайы диалог орнату болды»,- дейді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық штабы жетекшісінің орынбасары Гүлнар Тойлыбаева.
Атап өтетіні, биылғы жылғы сайлауда тек «Nur Otan» партиясында өңірлік және аудан-қалалық сайлауалды бағдарлама бекітілді. Бағдарлама жобасы жетісулықтар арасында кеңінен талқыға түсіп, праймериз кезеңінде 1012 ұсыныс аманаттар түскен. Оның ішінде, 81%-ы сайлауалды бағдарламаның жобасында қарастырылған.
Жалпы, Алматы облысында «Nur Otan» партиясынан 706 үміткер және 3009 бақылаушы тіркелген.
«Науқан аясында 6049 шара ұйымдастырылып, карантиндік талаптарды ескере келе, 3064 шара онлайн режимде өткізілді. Шараларға 412 048 адам қатысып, бетпе бет кездесу – 165 896, ал онлайн қамту – 246 152 сайлаушыны құрады»,- деді өз сөзінде Гүлнар Тойлыбаева.
Электоралды науқанда «Nur Otan» партиясының Алматы облысы бойынша медиа жоспарына сәйкес штаб қызметі 57 газет, 87 сайт, 1 өңірлік телеканал, 1 радиода жалпы 8111 материал жарық көрді.
«Radio NS» радиосында және «Жетісу» телеканалында 1584 рет аудио және бейне роликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Фейсбук, Инстаграм, Телеграм, Ю-вижн, Вконтакте, Ю-тюб, Вконтакте әлеуметтік желілерінде материалдар жарияланды.
Қорыта келгенде медиа жоспар бойынша телеарнада – 79 сюжет;
Әлеуметтік желіде – 4425 жарияланым;
Газеттерде – 1264 мақала;
Сайтта – 1045 материал оқырманға жол тартқан.
Облыстық және 20 аудан-қалалық штабтарда партия саяси аламанға қосқан үміткерлер қоғамдық қабылдау жүргізген. Барлығы 697 қабылдау ұйымдастырылып, оған 2341 азамат қабылданып, сәйкесінше 1037 ұсыныстар жиналған.
Партия үгіт насихаттық кезеңнің 3 толқынында 794 575 насихаттық парақшалар үлестірілген. «Біздің сайлау науқанымыздың басты ұраны – Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз бір команда ретінде кез келген биікті бағындыра алатынымызға сенімдімін! 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын!»,- деп қорытындылады » Nur Otan» партиясы Алматы облыстық штабы жетекшісінің орынбасары Гүлнар Тойлыбаева.