Алматы облысында «BIRGEMIZ: BILIM» атты ҰБТ-ға дайындалушы жас түлектерге волонтерлік көмек көрсету үшін арналған халықаралық жоба өз мәресіне жетті.

284 оқушы ҰБТ-ға дайындалу барысында қашықтықтан оқытылып, 75 пайызы білім грантына ие болды.

Жоба аясында Олимпиадаға дайындық, ғылыми жобалар жарысына 50 жасөспірім қатысып 28-і жүлдегер атанды. Белсенді қатысушылар арасында 60 смартфон, 30 смарт рюкзак және құлаққаптар сыйға тартылды.  Одан бөлек, «Ең жоғары топтық нәтиже», «Алғыр волонтер», «Волонтерлік жоба»  номинацияларының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар берілді.

6 салада онлайн форматтағы сабақтар өткізілді. Олар: «Құқық сауаттылығы», «Жемқорлықпен күресу негіздері» және «Әлеуметтік желімен тиімді пйдалану мен рұқсатталған нормалары», «Салауатты өмір сүру негіздері», «Ғаламтордың мүмкіндіктерін қолдану арқылы кәсіптік стартап», «Робототехника».

Жоба қорытындысы бойынша, мамыр айынан қараша айына дейін 75 волонтер жалпы білім беру пәндерінен қосымша сабақтар өткізді. 8 PRO bono волонтерлері 12 тренинг жүргізді. Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірігіп, балаларға арналған Жемқорлықпен күресу және құқықтық сауат ашу атты жаңа жоба «ANTIKOR.INFO.KIDS» ашылды.

Жалпы 1036 оқушы осы жобаға белсенді қатысып қосымша ақпарат пен білім алды. Жобаның бюджеті 15 677 000 теңге, оны жүзеге асыру мерзімі наурыз айынан қараша айына дейін. Жоба барысында 8 меморандумға қол қойылды. Ал партнерлік қолдау көрсеткен ұйымдардың саны 20-ға жуық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *