Бала құқықтарын қорғау-бұл мемлекеттің, қоғамның, сондай-ақ халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысты іс-қимыл жүйесі.
Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау-Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.
Бүгінгі күні республикада балалардың құқықтарын қорғау саласында қажетті нормативтік құқықтық құжаттар базасы бар.
2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласына қосымша өкілеттіктер алды және басшы орынбасарының штаты енгізілді, олардың лауазымдық нұсқаулықтарында осы саладағы міндеттер мен функциялар анықталды.
Міндеттерді іс жүзінде орындау және осы функцияларды жүзеге асыру үшін, балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлескен жоспар жасалып, осыған сәйкес Департамент мемлекеттік органдармен өзара бірлескен жұмыс жүргізеді.
Қазіргі кезде облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 6 білім беру ұйымдары, қиын өмірлік жағдайдағы балаларға арналған 1 қолдау орталығы жұмыс істейді
Департамент денсаулық сақтау және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, арнайы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалысты сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруға балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді бақылайды.
Халықаралық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңындағы «даму мүмкіндіктері шектеулі балалар» ұғымының орнына «ерекше білім беруді қажет ететін балалар» ұғымы енгізілді. Бұл фактінің маңыздылығы біздің мемлекетіміздің адамдар арасындағы қарым-қатынастың барлық саласында толлеранттық пен өзара сыйластық атмосферасын құру жөніндегі мақсатты саясатына байланысты беріліп отыр.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Telegram мессенджерінде құқық бұзушылықтарды, зорлық-зомбылықты немесе кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгез қарым-қатынасты жедел анықтау мақсатында «BALA QORGAU» чат каналын құрды. Телеграм мессенджеріндегі кері байланыс аптасына жеті күн және тәулік бойы жұмыс істейді.
Айта кетейік, кәмелетке толмағандардың жасалған қылмыстары, сондай-ақ балалардың қараусыздығы мен панасыздығына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша білім басқармасы, облыстық ішкі істер департаментімен өзара іс-қимыл тұрақты түрде жүзеге асырылады. 2020 жылдың 10 айында кәмелетке толмағандармен орын алған қылмыстық әрекеттер 2019 жылдың 10 айымен салыстырғанда 50% азайған.
Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 378 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған