5-15 қараша аралығында «Қоғамдық Келісім» КММ қолдауымен Алматы облыстық «Элефтерия» гректер қоғамы ұйымдастырумен өткен онлайн режимде «Біз қазақстандықтармыз» атты фестиваль аяқталды. Бұл іс – шара 14-ші рет аталып өтуде. Оның мақсаты жастар арасында толерантты сананы қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдени мұрасын насихаттау болды. Бұл фестиваль 14-ші рет өтуде.
Фестивальдің негізгі міндеттері Қазақстан халықтарының мәдениетіне құрметпен қарау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік дағдыларын дамыту үшін жағдайлар кешенін жасау, басқа ұлттарға қатысты бейілді позицияны қалыптастыру, оқушыларды жақын жердегі әлеуметтік ортаның мәдени әр түрлілігімен таныстыру, сондай-ақ оқушылардың этномәдени толеранттылығын қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
Фестиваль үш кезеңде өтті – дайындық кезеңінде сынып жетекшілер және ата – аналар, оқушылармен бірігіп ұлт таңдап, содан кейін үш бейнепрезентация дайындады: ұлттық тағамдардың белгілі бір түрін дайындау бойынша мастер класс болды; халықтық кәсіпшілік – сәндік-қолданбалы өнер; халық шығармашылығы. Екінші кезең әлеуметтік желілерде бейне презентацияларды жариялау болды. Үшінші кезең – Талғар ауданы Панфилов ауылындағы №17 мектептің акт залында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Біз қазақстандықтармыз» фестивалінің қорытындысын шығару. Шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Жандос Байқамитов, этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Сәуле Сурабалдинова, Қазақстанның «Филия» грек қоғамдары қауымдастығының төрағасы Георгий Иорданиди, Алматы облыстық «Элефтерия» грек қоғамының төрағасы Наталья Тифанциди құттықтап, сөз сөйледі.
Қатысушыларды рейтингтік кесте бойынша қорытындылап дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.