Халықпен сындарлы диалог құру және кең ақпараттық-ағарту іс-шараларын жүргізу арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанында ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізу бойынша Республикалық және өңірлік штабтар құрылды.
Өткен жылдан бастап еліміздің барлық облыстарында халықты ауқымды қамтуды қамтамасыз ету үшін өңірлік ақпараттық-ағартушылық Штабтар жұмысын бастады.
Бүгін, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы, Агенттік жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының төрағасы Ырза Тұрсынзада Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кездесті.
Негізгі мақсаты — кеңейтілген ақпараттық жұмыс арқылы сындарлы диалог құру және парасаттылық қағидаттарын дамыту. Штаб халықтың түрлі топтары үшін түрлі тәсілдерді қолдана отырып, кездесулер өткізуді көздейді.
Кездесуде Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы Агенттік тарапынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамда берік иммунитетті қалыптастыру мақсатында іске асырып жатқан жобалар туралы айтып берді.
Өз кезегінде, Штаб Төрағасы қысқа мерзімде елімізде құқықтық мемлекет құру және сыбайлас жемқорлық мәселелерін жою мүмкін еместігін атап өтті. Сапалы жаңа құқықтық санасы бар азаматтардың тұтас буынын тәрбиелеу қажет.
Алматы облысы бойынша МКД басшысы С.А.Дынбаев қазір барлығы мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін жасалып жатқанын, жаңа пәрменді әдістерді енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау тұрақты жүргізіліп жатқанын, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды тарту мүмкіндіктері кеңейтілгенін, ақпараттық ашықтық қамтамасыз етілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ол республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың алдын алу шаралары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жаңа серпін беретінін атап өтті.
Қорытындылай келе, Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайды жақсарту бойынша барлық пәрменді шараларды қабылдап жатырмыз және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап өткім келеді.