Онлайн баспасөз-маслихаты барысында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айдар Әшімханов осы салада жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, желі қолданушыларының сауалдарына жауап берді.

Ауданда  дене тәрбиесімен шұғылдану үшін  1 стадион, 33 спорт зал, 100 ден астам баскетбол, волейбол мен футбол алаңдары бар. Осы жерлерде спорттың 14 түрімен шұғылданады.

Аудан  көлемінде бекітілген жұмыс жоспарына сай 2020 жылдың қаңтар айынан бастап  40 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып,  2540 адам жұмылдырылды.

Ауданды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс атқаруда. Спорт мектебінде 65 топта 1008 оқушы спорттың 11 түрімен шұғылданады. Қазіргі таңда мектепте 32 жаттықтырушы еңбек етеді.

«Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі 50 ден астам азамат спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеңіл атлетика, таеквандо, пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен облыстық, республикалық, Азия және Әлем додаларында топ жарып жүр»,– дейді бөлім басшысы.

Сонымен қатар, саламатты  өмір  салты қағидаларын  жан-жақты насихаттау, бұқаралық спорт түрін дамыту мақсатында аудан орталығы Шонжы ауылына  «Ауыл Ел-Бесігі» бағдарламасы аясында 1 млрд. 71 млн. теңге қаражат бөлініп дене шынықтыру мен сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *