Жалпы жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеу жұмыстарына 62 млрд. теңге бөлінді. «Жұмыспен қамту жол картасының» арқасында біз ауыл ішілік жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлдік. Жөндеу жүріп жатқан 347 елді мекеннің 220-сы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде қамтылып отыр. Соның нәтижесінде жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 84% жеткізу көзделген.
Аймақ басшысының айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Талдықорған – Өскемен», «Үшарал – Достық», «Күрті – Бурылбайтал» және «Ұзынағаш – Отар» республикалық жолдарының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде, бұл транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға ықпал етеді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының арқасында жұмыссыздар саны азаюда. Оның айқын дәлелі облыс көлемінде 56,2 мың жұмыс орны құрылғаны.Соның ішынен 30,1 мыңы тұрақты. Аталмыш бағдарламаның іске қосылғаны сол екен құны 105,6 млрд. Теңгелік 20,9 мың жұмыс орны ашылып, 1051 жоба жүзеге асуда.
Облыс әкімінің сөзіне сенсек, «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і жоба немесе 43% әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға, 237 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру мәселелерін шешуге бағытталды.
Өңірде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 33 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, бұл мақсатқа 15,7 млрд. теңге қарастырылған.
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан 16,3 мың отбасы жалпы сомасы 6,3 млрд. теңге болатын атаулы әлеуметтік көмек алды. Жалпы сомасы 712,5 млн. теңге болатын кепілді әлеуметтік пакет 19 мың балаға берілді. Жалпы сомасы 15,7 млрд. теңге болатын 42 500 теңге төлемін 368,2 мың адам алды.
Атап өтсек, «Біргеміз», «Біргеміз Жетісу» қорының қаржысы есебінен және демеушілердің көмегімен облыстың 396 мың тұрғынына жалпы сомасы 4,9 млрд. теңге көмек көрсетілді.