Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған «Жанұя»әлеуметтік орталығының жұмыс жасағанына 1 жылға жуық уақыт болды. Әлеуеттің әлеуметін арт тыруға қолдау көрсететін ұйым Талдықорған қаласында орналасқан.

Орталықтың жұмысы бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады. «Жанұя» мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттандырады, қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетеді. Орталық сондай-ақ заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін және басқа да қызмет түрлерін ұсынады.

«Жанұя» аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік орталық Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастамасымен құрылды. Орталықты құрудың мақсаты Талдықорған қаласында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық дербестікті нығайту және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайту болып табылады», — дейді Алматы облыстық әйелдерді қолдау орталығының президенті Жанар Нұрмұханова.

Бүгінгі таңда «Жанұя» орталығы балалы отбасыларды жеке-бағдарлы сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бұған психологиялық-білім беру, құқықтық, әлеуметтік-медициналық, еңбек — мәдени сипаттағы іс-шаралар кіреді.

«Жанұя» аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік орталықтың өкілі Мадина Белгібаеваның айтуынша, көп балалы аналар мұнда тігін ісі, бет әрлеу, компьютерлік сауаттылық және аспаздық бойынша оқыту курстарынан өтеді.

Осы кезеңде орталыққа 2000-нан астам отбасы көмек сұрады. Оның 175-іне психологиялық көмек көрсетілсе, 190 отбасыға «Жанұя»орталығының заңгерлік қызметі көрсетілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *