Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында Сервистік әкімдік өз жұмысын бастады. Мемлекеттік қызметтегі ашықтық, қолжетімділік қағидасына негізделген жаңа ғимараттың ашылуына аудан әкімі Бағдат Әлиев қатысты.  Сөзінде бүгінге дейін жүзеге асырылған нақты жұмыстарға  тоқтала кетіп, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму көрсеткіштерінен ақпар берді. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы да арнайы шақыртылған.

Аудандағы сервистік әкімдік тұрғындарға 36 қызмет түрі жұмылдырылған. Барлығы қазіргі бастама «бір терезе» қағидаты негізінде.  Мұнда мемлекеттік мекемелердің 13 маманы штаттық түрде жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсететін болады. Жоба мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ,  мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру, қызмет алушылардың уақытын, күш-жігерін, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.  Себебі бұрын тұрғындарға қызмет алу үшін елді-мекеннің түкпір-түкпірінде орналасқан бөлімдерге бару қажет болатын.

Сонымен қатар, «Сервистік әкімдік» тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасау, дер кезінде азаматтардың сұраныстары мен сұрақтарына жауап беру мүмкіндігін береді. Бұл өз  көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тиісті шараларды қабылдау үшін, қызмет алушылармен кері байланысты жақсартады.

Айта кеткен жөн, бұл облыста ашылып жатқан 15 — шы «Сервистік әкімдік». Жыл соңына дейін барлық аудан-қалаларда ашылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *