«Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты бүгін Тоқжайлау ауылдық округінің әкімі Алмас Дюсембекұлымен өткізілді.
А.Дюсембекұлы «Тоқжайлау ауылдық округінің 9 айлық көрсеткіші» тақырыбында баяндама оқып, әлеуметтік желіден түскен сұрақтарға жауап берді.
Оның айтуынша, округ бойынша биыл 5025 алқап жер игерілген. Оның 883 алқап бидай, 3340 — арпа, 452 — көп жылдық шөп, 109 – картоп, 4 – көкөніс, 82 – қара пар.
Бүгінгі таңда барлық жиын терін жұмыстар толығымен аяқталған.
Бидай алқабына 11 центнерден өнім беріп, барлығы 971 тонна өнім;
Арпа алқабына 11 центнерден өнім беріп барлығы 3674 тонна өнім алынған.
Округта мал басы барлық түрінен жылдан жылға тұрақты. Атап айтсақ: Ірі қара мал барлығы — 2894 бас.
Қазіргі уақытта мал қыстату науқанына, қыс мерзіміне керекті жем-шөп жеке меншікте, шаруашылықтарда жеткілікті мөлшерде дайындалған.
Округ бойынша шөп – 7500 тонна, сүрлем – 1540 тонна, пішендеме – 2250 тонна, сабан – 100 тонна жиналған.
Округта политехникалық колледж, орта мектеп пен бала бақша тұрақты жұмыс істеуде.
2020 жылы 9 айда округ бойынша 27 бала дүниеге келген.
Ауылда орталықтандырылған бір ауыз су жүйесі жұмыс істейді.