• Latest
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с абаеведами

Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті

2 жылдар ago

О регистрации бизнеса на платформе e-tutynushy.kz

1 күн ago
Медпомощь в ГОБМП и в ОСМС: Динамическое наблюдение пациентов, имеющих хроническое заболевание     

Созылмалы дерті бар науқастарды динамикалық бақылау  

2 күн ago
Медпомощь в ГОБМП и в ОСМС: Динамическое наблюдение пациентов, имеющих хроническое заболевание     

Медпомощь в ГОБМП и в ОСМС: Динамическое наблюдение пациентов, имеющих хроническое заболевание    

2 күн ago
22 лица поощрены за сообщение о фактах коррупции в Талдыкоргане

Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы.

3 күн ago
22 лица поощрены за сообщение о фактах коррупции в Талдыкоргане

22 лица поощрены за сообщение о фактах коррупции в Талдыкоргане

3 күн ago
Алматы облысының прокуратурасы хабарлама жариялады

Прокуратура Алматинской области опубликовала сообщение

3 күн ago
Алматы облысының прокуратурасы хабарлама жариялады

Алматы облысының прокуратурасы хабарлама жариялады

3 күн ago
11 тысяч школьников в Алматинской области будут отдыхать бесплатно в летний период

Прокуратура Алматинской области опубликовала сообщение

6 күн ago
11 тысяч школьников в Алматинской области будут отдыхать бесплатно в летний период

11 тысяч школьников в Алматинской области будут отдыхать бесплатно в летний период

6 күн ago
Алматы облысы: Жаз мезгілінде 11 мың оқушы тегін демалады

Алматы облысы: Жаз мезгілінде 11 мың оқушы тегін демалады

6 күн ago
Алматы облысының прокуратурасы хабарлама жариялады

Алматы облысының прокуратурасы хабарлама жариялады

6 күн ago
В молодежных центрах здоровья Жетысуской и Алматинской областей подросткам оказано более 29 тысяч медицинских услуг

Жетісу және Алматы облыстарының жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдерге 29 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді

1 апта ago
Бейсенбі, Маусым 30, 2022
Zhetysu Media
  • Басты
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Медицина
  • Білім
  • Cпорт
  • Құрылыс
  • Туризм
  • Экология
Zhetysu Media
Home Без рубрики
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с абаеведами

Қасым-Жомарт Тоқаев абайтанушы ғалымдармен кездесті

Jetisy Media by Jetisy Media
21.02.2022
in Без рубрики
55 0
108
SHARES
308
VIEWS
Share on FacebookWhatsApp

Қазақстан Президенті алдымен мәдени-спорт кешеніндегі көрмені тамашалады. Мемлекет басшысына Абайдың сирек кездесетін кітаптары, «Абай әлемі» сериясы бойынша шыққан кітаптар мен филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының ақын шығармашылығына арналған көптомдығы ұсынылды.

Сондай-ақ көрмеге Шығыс Қазақстан өнер мұражайы мен Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қорларындағы 18 сурет қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала алтыны» археологиялық көрмесін аралап көргеннен кейін абайтанушы ғалымдармен кездесті.

Президент ұлт зиялыларымен қасиетті топырақта, тарихи маңызы зор Семейдің төрінде жүздесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлемдік пандемияға тап келсе де, ұлы баба рухы алдындағы перзенттік парызымызды адал атқаруға күш салғанымызды атап өтті. Сонымен қатар бұл мерейтойдан той тойлауды емес, тағылым алуды мақсат еткенімізді айтты.

– Биылдан бастап 10-тамыз «Абай күні» деп бекітіліп, мерекелер қатарына қосылды. Ақынның еңбектері он тілге аударылып, әлемнің беделді кітапханаларына жіберілді. Шетелдегі елшіліктеріміздің жанынан Абай орталықтары ашылды. Бірақ бұл тек алғашқы қадам ғана, келешекте мүмкіндікке қарай Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Абай академиясы құрылды. Бұдан былай академия ақын шығармашылығын жүйелі зерттеумен айналысады. «Абай» телеарнасы өз жұмысын бастады. Жоғары оқу орындарында «Абайтану» курсын оқыту қолға алынды. Қазақ қоғамында өзіндік орны бар Семей қаласы «тарихи орталық» ретінде белгіленді. Осындай игі шаралар ұлы ойшылдың баға жетпес мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіру үшін жасалды. Бүкіл түркі әлемінде Абай философиясын дәріптеу ісінде айтарлықтай табысқа қол жеткіздік, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жарық көрген «Абай аманаты» атты мақаласындағы «Ұлы ақын елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды» деген сөзіне тоқталды. Сондықтан әдебиетіміздің әлемге танымал алыбын бүкіл халық болып ұлықтау мемлекетіміздің мерейін арттыратынын айтты. Ұлы ойшылдың асыл мұрасын ардақтау және жан-жақты дәріптеу –  баршамыздың міндетіміз екенін, оның әр сөзіне жете мән беріп, астарына үңіліп, парасат-пайымына бойлай білу қажеттігін жеткізді.

– Абай – мемлекет ісінің мүдделесі, бірлігі жарасқан жұрт болу идеясының жақтаушысы. Ол өз шығармалары арқылы ел еңсесін тіктеуге зор үлес қосты. Ұлы ақын ұлтты ұйыстырып, әділетті  қоғам құруға үндейді. Біз ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы дәл осы ұстаныммен сабақтас. Түйткілді мәселені мемлекет пен қоғам өкілдерінің бірлесе талқылауы – өркениетті қоғамның белгісі. Мұндай пікір алмасу халықтың билікке деген сенімін арттырады, тұрақтылықты нығайтады. Билік пен бұқараны жақындастыратын осы идеяның бастауында ұлы Абай тұр деп сеніммен айта аламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру туралы айтқанын, мұның стратегиялық маңызы бар міндет, кезек күттірмейтін мәселе екенін айта келе, ұлтымыз бен жұртымыздың жаңа болмысын қалыптастыру үшін бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ деді.

– Осынау жолда ақын мұрасын зерделеу арқылы әрекет етсек, берекет табатынымыз анық. Біз іздеген барлық сұрақтың жауабы хакім Абайдың өлмес өлеңінде, салиқалы сөзінде тұр. Ұлы ойшылдың «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген өсиеті – соның айқын дәлелі. Абай аңсаған қоғам – ойы озық, санасы сергек «толық адамның» толыққанды қоғамы. «Толық адам» дегеніміз – бұл сол замандағы инновациялық философия үрдісі. Турасын айтсақ, Абай өз заманынан озып шықты деген сөз. Себебі орыс тілінде «Цельная натура» я болмаса ағылшын тілінде «A person of integrity» деген түсініктер әлдеқайда кеш пайда болды. Біз ақын мұрасына және зиялылардың әлеуетіне сүйеніп, осындай қоғам орнатуымыз керек. Ол қоғамның ұлттық идеясы білім мен ілімге жетелейтін ағартушылық ұстаным болуға тиіс, – деді Президент.

Мемлекет басшысы биылғы мерейтой кезінде елге ой салатын, тағылымы мол нақты шаралар атқарылғанын, бұл үрдіс Абай жылынан кейін де жалғаса беретінін атап өтті. Сондай-ақ ұлы Абайдың тұлғасын шетел жұртшылығына кең ауқымда таныту жобасы бойынша ақынның шығармалары ағылшын, испан, араб, түрік, қытай, неміс, итальян, француз және жапон тілдеріне аударылды. Президент аудармалардың көркемдік сапасы өте жоғары деп санайтынын жеткізді.

– Абай шығармаларын әлемде кең тараған тілдерге аударып, басу – бірегей халықаралық жоба. Бұл жаһанға қазақ мәдениетінің жаңа қырын танытып, әлемдегі барша оқырмандарға Абай шығармашылығымен, терең философиясымен және теңдессіз лирикасымен танысуға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев зиялы қауым өкілдерінің қоғамдағы рөлі мен орнына тоқталып, олардың қашанда ұлттық құндылықтарды бәрінен биік қоятынын, әрдайым мәртебелі миссия атқарып келе жатқанын баса айтты.

– Өткен ғасырдың 60-жылдарында қаламгерлер ұлттың рухын көтерді. Ұлт жазушылары жылымық кезеңде ел мүддесімен өзектес шығармаларды өмірге әкелді. Тәуелсіздіктің алғашқы  жылдарында  зиялылар халықты береке-бірлікке шақырды. Олар ұлт мұрасын түгендеп, тарихымызды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Зиялы қауым жас мемлекеттің шежіресін жасап, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңірді. Енді олардың қазіргі кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидатын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу, – деді Президент.

Осы ретте гуманитарлық саланы дамытуды қолға алғанымыз жөн деп есептейтінін жеткізіп, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға және сапалы оқулық дайындауға баса мән беруіміз қажет екеніне тоқталды.

– Біз ана тіліміз бен төл әдебиетіміздің қадір-қасиетін балаларға мектеп жасынан бастап сіңіруіміз керек. Бұл бағытта бірыңғай ұстаным қажет. Осыған орай Алматыдағы  Абай атындағы мектеп-интернаттың мүмкіндіктерін толық пайдаланған жөн. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын бұл мектептің оқу үдерісі басқа мектептерге үлгі болады деп ойлаймын. Оны заманауи талапқа сай жан-жақты жетілдіріп, «Абай мектебі» деп аталатын ең үздік білім ордасына айналдыру қажет. Жалпы біз келешекте Абай мектептерін ашу туралы ойлануымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде Мекемтас Мырзахметұлы, Тұрсын Жұртбай, Ғарифолла Есім, Борис Щербаков, Арап Еспенбетов секілді ғалымдар мен абайтанушылар, «Абай оқулары» конкурсының жеңімпазы, Риддер қаласындағы №16 орта мектептің оқушысы Варвара Владимирцевалар сөз сөйледі.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев абайтануға айтулы еңбек сіңірген, отандық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Share43Share

Главные события

No Content Available
  • ⚡️ Акимом  области Жетысу избрали Бейбита Исабаева, экс-председателя Комитета по социально-культурному развитию и науке Сената Парламента РК
  • Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы — Алматы облысының су жаңа әкімі✅
  • Целая семья из села Аулиегаш проголосовали на референдуме

Семья Илиясовых в количестве 7 человек  с хорошим настроением пришли на избирательный участок №722, где сделали свой выбор. 
По словам Толена Илиясова,  нельзя оставаться в стороне от такого политического мероприятия. 
-Каждый голос важен. Мы сами строим новое будущее страны, - сказал глава семьи.

Также сотрудники участка голосования вручили данной семье памятный подарок за активность.
  • В Алматинской области жители  начали голосовать  на  республиканском референдуме 

С 7 утра все избирательные участки приступили к работе.  На участке №977 города Талдыкорган было многолюдно, что показывает  единство граждан в вопросе выбора пути будущего развития нашей страны.

Одним из первых кто сделал свой выбор стал Касиет Каман. 

- Референдум имеет исторический характер. Он происходит у нас впервые за 27 лет. Выносимые на него поправки направлены на изменение формы государственного устройства, баланса в ветвях власти, - отметил он. 

Первым проголосовавшему жителю был вручен специальный подарок  от избирательного участка №977.
  • 72-летний путешественник Сарсенбай Котырашов дошёл до Талдыкоргана
 
Село Улытау Карагандинской области, Қызылорда, Туркестан, Шымкент, Тараз, Алматы и вот сегодня Талдыкорган. Путешествие Сарсенбай Котырашев начал 
1 апреля и планирует завершить его в октябре- ноябре 2022 года. В день проходит 40 километров. Общий путь составляет около 2000 километров. 

Сарсенбай Котырашов уроженец Жанаркинского района Карагандинской области, многие годы живет в городе Жезказган, где работает на заводе Темирбетон. До этого работал в заповеднике-музее «Улытау» мастером по реставрации архитектурных памятников. Построил мечеть в селе Терисаккан, дом паломников и кузницу в селе Улытау. Имеет благодарственное письмо от муфтия РК и 5 юбилейных медалей.  

По словам путешественника, идея путешествия у пенсионера возникла еще 6 лет назад.

«Я преследую 3 цели - это ознакомить с историей  Улытауского края, составить список казахстанских народных ремесленников и популяризация праздника Наурыз. Планирую обойти 17 областей Казахстана, к этому путешествию я готовился очень долго, я ежедневно пешком проходил по 90-100 км. Меня встречают во всех городах и встречают со всеми почестями,в Алматы я встретился со студентами университета Туран, теперь я в Жетысуском крае,- сказал он. 

Из города Талдыкорган путешественник отправится в Аягөз, а дальше Семей, Усть-Каменогорск, Павлодар, Караганда, Нур- Султан, Кокшетау, Петропавловск, Костанай, Актобе, Орал, Атырау, Бейнеу и Актау. Всего расстояние от Улытау до Актау составляет– 8 000 км
  • По мере приближения даты всенародного голосования за конституционные поправки отдельными скептиками высказывается мнение, что власти попытаются заставить пойти на референдум тех, кто не желает этого делать.
Никто в Казахстане не имеет права принуждать людей к чему-либо. Это особенно касается их прав и свобод, которые гарантируются Конституцией. Мало того, на их укрепление направлена вся реформа.
По закону никто не вправе принуждать к участию или не участию гражданина в выборах, а также ограничивать его волеизъявление. 
Но ты должен уже сейчас решить: на какой ты стороне. Если ты за обновление, то просто обязан прийти на референдум и отдать свой голос, сказав «да» Новому Казахстану.
#CCS
  • Трагедия в Текели: из-за схода оползня погиб ребёнок 

В Текели из обильных осадков в виде дождя
и переувлажнения грунта в результате поврежденной водопроводной трубы произошёл сход грязевой массы. Погибла пятилетняя девочка

В результате проишествия, разрушен один частный жилой дом, один дом затопило грязевой массой, ещё четыре дворовых территории жилых домов частично затопила грязевая масса и перекрыла ул.Конаева. 

С помощью беспилотного летательного аппарата ДЧС с установленным тепловизором проводился аэровизуальный облет места ЧС и поиск с применением 
носимых тепловизоров.

В разрушенном доме находилась 5-летняя девочка, к сожалению ребенка спасти не удалось. Остальные жильцы домов находятся в безопасном месте.

По данным ДЧС Алматинской области ориентировочно объем грязевой массы составил 4375 кубических метров, длиной 50 метров, шириной 25 метров, высотой 3,5 метра. 

На месте происшествия организован штаб по ликвидации чрезвычайной ситуации, во главе с начальником ДЧС Алматинской области. В поисково-спасательных работах и ликвидаций последствий ЧС 
задействованы: ДЧС (81 сотрудник и 16 ед. техники, 1 кинологический расчет), МИО 
(30 работников и 6 ед.техники, в т.ч. 2 погрузчика, 4 КамАЗа, 1 Кран),
Казселезащита МЧС (9 работников, 4 ед.техники). ГОП (40 сотрудников, 7 ед.техники), БСМП (три кареты скорой помощи).

Приносим глубокие соболезнования родным и близким погибшей девочки.
  • Алматы облысында референдумды қолдау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде 

Бүгінгі таңда Талдықорғанда референдумды қолдау және түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Осыған байланысты «Жетісу Су құбыры» қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері мен қала тұрғындарына жиын өткізілді. 

«Шынында да, 1995 жылдан бері қазақ жерінде референдум болған жоқ. Биыл 5 маусымда болатын референдумды халық асыға күтуде. Бұл арқылы көпшілік көкейінде жүрген мәселелердің жауабын табады және осыған өз үлесін қосады деген ойдамын. Аталмыш референдум елдің қамы үшін жасалуда. Сондықтан осыған ат салысуға және дауыстарыңызды беруге шақырамын», - дейді референдумды қоғамдық қолдаудың қалалық штабының төрағасы Тұрысбеков Болат.

Айта кету керек, референдумдағы өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциясының үштен бір бөлігіне қатысты болады. 

Сонымен қатар, онда жалпыұлттық бірлік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру идеялары басты негіздерінің бірі болып қарастырылуда.

Copyright © 2016-2022 Zhetysu Media

No Result
View All Result
  • Басты
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Медицина
  • Білім
  • Cпорт
  • Құрылыс
  • Туризм
  • Экология

Copyright © 2016-2022 Zhetysu Media

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist