Дүниені дүрбелеңге салған пандемия адамзат атаулыны көп нәрседен шектегені анық. Емін еркін демалыс, дамылсыз қыдыру сынды өмірдің бір бөлігіне айналған әдеттер артта қалған еді. Араға жарты жылға жуық уақытты артқа тастап қоғам өмірі жандану үстінде.
Атап айтсақ, Жетісудың бас шаһары, Талдықорған қаласында аспан астындағы кинотеатр ашылды. Мұның өзі қамыққан көңілге бір серпін берген игі іс болғаны жасырын емес.
Күні кеше алғашқы кинотуынды үлкен экранға шықты. Қаламыздағы айшықты орындардың бірі «Журналистер үйі»-нің алдындағы автотұрақта ұйымдастырылған кинокөрсетілім бұрынғыдан өзгерек. Көрермен залы автотұрақ болса, келушілер көлік ішіне жайғасып, туындыны тамашалады.
Биылдыққа бірінші рет бастау алған жобада «Құнанбай» фильмі киносүйер қауымның назарына ұсынылды.
Көрсетілім 2 сағатқа созылған. Таза ауадағы кинотеатрға көптеген тұрғындар келді. Фильім талайдың көңілінен шықты.
Осыдан қарап, халықтың қалыпты өмірді аңсағанын аңғаруға болады.
Бұқараның қалауын дөп басып, ерекше сыйды жүзеге асырушылар Алматы облыстық ішкің саясат басқармасы, «Jetisy Media» КММ-сі. Идея авторы Елбосын Абай.
«Таз ауада өткізілген кино көрсетілім көптің көңілінен шықты деп ойлаймын. Талайдан бері барлық ойын-сауықтық орындардың жұмысы шектетілген еді. Осы шара арқылы тұрғындар кішкене болса демалса керек. Тек қана көңіл көтеру емес, сонымен қатар тарихқа көз жүгіртіп, тәлім-тәрбие, өмірге қажетті кеңес алады деген ойдамын»,-дейді жас маман Елбосын Абай.