Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасына сәйкес құрылған Текелі қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының «Адалдық пен адамдық» тақырыбында кезекті тікелей эфирі өтті , деп хабарлайды  «Jetisy Media».

 

Сәрсенбілік сұхбатта Текелі қаласы әкімінің орынбасары, қалалық ақпараттық, үгіт-насихат штабының төрағасы Сері Болысбайұлы онлайн эфир арқылы жастармен тілдесіп, жемқорлықсыз қоғам құру, адалдық пен адамдық ұстанымдары жайлы ой тарқатты.

 

Жиынға қатысқан жастар тарапынан да тақырып шеңберінде көкейтесті сұрақтар қойылып, жас буын өкілдері ойларын ортаға салды.

 

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. “Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық – пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

 

«Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деп Хәкім Абай айтқандай, ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы басты борышымыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *