• Latest
Данияр Сабырбаев: Сенім – сең бұзады

Данияр Сабырбаев: Сенім – сең бұзады

3 жылдар ago
Алматы облысында  «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы сәуір айында басталады

Алматы облысында  «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы сәуір айында басталады

1 күн ago
МӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?

МӘМС жарналарын бір жыл бұрын кім төлей алады?

1 күн ago
Алматы облысында жыл басынан бері МӘМС-ке аударымдар 6,4 млрд теңгені құрады

Алматы облысында жыл басынан бері МӘМС-ке аударымдар 6,4 млрд теңгені құрады

1 күн ago

Сұрақ-жауап: Пациенттер талдаулар мен жолдамаларды қағаз нұсқада шығаруға міндетті ме?

6 күн ago
Алматы облысының бас имамы Ораза айында азық-түлік бағасын 10 пайызға төмендетуге шақырды

Алматы облысының бас имамы Ораза айында азық-түлік бағасын 10 пайызға төмендетуге шақырды

2 апталар ago
Қаржы орталығы 4 жобаны жүзеге асырады

Қаржы орталығы 4 жобаны жүзеге асырады

2 апталар ago
«Асар»: Денсаулықты қалпына келтіру мен оңалту

«Асар»: Денсаулықты қалпына келтіру мен оңалту

2 апталар ago
Алматы облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы бірнеше компаниямен Меморандумға қол қойды

Алматы облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы бірнеше компаниямен Меморандумға қол қойды

2 апталар ago
Алматы облысында Әз-Наурыз мерекесі 3 бағытта атап өтіледі – ҚХА

Алматы облысында Әз-Наурыз мерекесі 3 бағытта атап өтіледі – ҚХА

2 апталар ago
Алматы облысына 4,8 млн дана бюллетень жеткізіледі

Алматы облысына 4,8 млн дана бюллетень жеткізіледі

3 апталар ago
Былтыр Алматы облысындағы мекемелер 32 млн-нан астам теңгеге заң бұзушылықтар жасаған

Былтыр Алматы облысындағы мекемелер 32 млн-нан астам теңгеге заң бұзушылықтар жасаған

1 ай ago
Алматы облысында жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар

Алматы облысында жер сілкінісі болуы мүмкін 3 эпицентр бар

1 ай ago
Бейсенбі, Наурыз 30, 2023
Zhetysu Media
  • Басты
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Медицина
  • Білім
  • Cпорт
  • Құрылыс
  • Туризм
  • Экология
Zhetysu Media
Home Без рубрики
Данияр Сабырбаев: Сенім – сең бұзады

Данияр Сабырбаев: Сенім – сең бұзады

Jetisy Media by Jetisy Media
21.02.2022
in Без рубрики
33 1
65
SHARES
187
VIEWS
Share on FacebookWhatsApp

Ұлт Көшбасшысы, «НұрОтан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биылғы жылдың 17 тамызынан партияішілік праймериз бастау алды. Мұндағы мақсат айқын: ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмыла іс қылатын көшбасшыларды іріктеу. Сол арқылы ертеңгі күні елдің тізгінін ұстайтын нағыз кәсіби кемелді азаматтардың қатарын толықтыру. Осынау тұңғыш рет өткізіліп отырған республикалық партияішілік праймеризге жүрегінің түгі бар, көзінің нұры бар, елі үшін басын бәске тігуге әзір белсенділер сап түзеді. Қатарында Данияр Бауыржанұлы Сабырбаев та бар. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте Парасаттылық департаментін басқарып, тың идеяларымен тыңнан түрен салған азаматтың ендігі мақсаты биік. Сөзден іске көшелік.
– Құрметті Данияр Бауыржанұлы, «Парасаттылық – қараңғыдағы шырақ» дегені бар еді Жүсіп Баласағұнидің. Халық арасында жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жолында табанды еңбектеріңізді жақсы білеміз. Ұдайы ізденісте жүресіз. Праймеризге қатысудағы мақсатыңыз нендей?
– Негізгі мақсатым біреу: батпандап кіріп, мысқылдап шығатын жемқорлық індетінен қоғамды аластату. Қазір бұл мақсат жолында жауапты органдар табысты еңбек атқаруда. Оны жоққа шығара алмаймыз. Әйткенмен, шаруа шаш етектен. Тұралап тұрған тұстар маған мәлім. Себебі, бұл салада еңбек өтілім жеткілікті.
«Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деген екен әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби. Асылында, адалдық жүрген жерде адамдық жүреді, ал парасаттылық адамдықтың айнасы. Осынау құндылықтарды әрбір қазақстандықтың бойына сіңіруде атқарылар жұмыстар ауқымды. Ал бұл қадам арқылы біз елімізді үздік дамыған 30 елдің қатарына енгізе аламыз.
– Істің азаматы екеніңізді жақсы білеміз. Жетісікке жетудегі бағыттарыңызды бағамдап беріңізші?
– Рас, бүгінгі өркениетті еліміздің дамуына тұсауғ кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық айналған сыбайлас жемқорлықпен күресу – күн тәртібінде күйіп тұр. Анығы сол, жылдар жылжыған сайын тамыры тереңдеп үлгерген індеттен еліміз құлан-таза айығу үшін табанды еңбектенуіміз қажет. Осы бағытты бағдарлап мен де өзімнің туған ауданым Іледен Мәжілістің жаңа құрамына ену мақсатында праймеризге қатысуға бел будым. Бағдарламамды аз-кем бағамдап берейін. Бірінші, заңсыз баюға жол бермеу, яки ол үшін жауапкершілікті енгізу. Екінші, кірістер мен шығыстар туралы декларацияларды жариялау міндеттілігін заңнамамен бекіту. Демек, Президентіміз атағандай ашық қоғам қалыптастыру. Үшінші, кәсіби сатылмаушылыққа тестілеуді енгізу (integrity check). Төртінші, пара беру уәдесін\ұсынысын қылмыс деп қарау. Бесінші, кәсіпкерлікте өкілеттігін\қызметін пайдалануға қылмыстық жауаптылық белгілеу. Алтыншы, жемқорлардың жазасын қатаңдату бойынша, жетінші, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін еселенген айыппұл төлеп, қылмыстан құтылуына жол бермеу мақсатында ұсыныстар енгізу. Сегізінші – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және судьялардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жауапкершілігін күшейту. Тоғызыншы – жемқорлыққа қоғам арасында «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруда жеке секторлардың да жауапкершілігін арттыру. Оныншы, мемлекеттік органдардың квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеуге барынша ықпал ету. Он бірінші – мүдделік қолдау қызметін заңнамалық реттеу. Он екінші – мүдделер қақтығысын болғызбауды реттейтін заңнаманы жетілдіру. Он үшінші – мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар, олардың отбасы мүшелері үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар(салымдар) ашу бойынша тиісті шектеулерді заңнамалық бекітуге күш салу. Он төртінші – «Жария құқықтың заңды тұлғалары туралы» заңды қабылдауға ықпал ету және он бесінші «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды әзірлеу.
Өзіңіз байқағандай, Жаңа Зеландия, Дания, Норвегия секілді әлемдегі жемқорлықтан ада мемлекеттерде індетті жеңуде заңның үстемдігі бірінші кезекте. Демек, мемлекет қоржынына қол салған айлакерлердің айласы қырық түрлі болса, оның жолын қияр Заң да мың құбылып отыруы тиіс.
– Оныңыз рас, Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши жемқорлықтың өршуіне негізгі себепті – нашар заңнамадан іздеген екен. Осы орайда өзіңіз басқаратын Парасаттылық департаментінің де қоғамнан алар орны айрықша. Парасатты қоғам қалыптастыру арқылы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға болатынын жақсы білесіз. Бұл тұрғыда не айтасыз?
– Кезінде хакім Абай: «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» деген екен. Ғасырлар мұғдарынан мүжілмей өткен осынау ұлағатты сөздер сәт сайын құндылығын арттырып келеді. Өйткені, әр ісін парасаттылықпен парықтаған тұлғаның жемқорлыққа, халқына қастандық әрекетке бармайтынын өмір өзі дәлелдеп отыр.
Сол секілді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та «Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген» деді емес пе? Осынау өрелі ойына терең бойласақ, шындығында парасаттылық пайымы еркін ойлау, жақсы мен жаманның аражігін ажырату тұрғысында шамшырақ іспеттес. Ғасыр аунап, жыл жылжыған сайын биікке ұмтылу, жарық таңға жол салу – әрбір тұлғаның ғана емес, өресі биік өсер елдің негізгі мақсаты. Ұмтылыс тек жетістіктен емес, ұтылыстан, сүрінуден сүзіледі. Әйткенмен, билік пен бұқара арасындағы сенім жібі сетінесе, әншейін әбігерлік. Бұл ретте мемлекеттік қызметкерлердің рөлі басым. Билік атынан биік мінберден сөйлегенде әдептен озбаса, өктемшілдік пен сыбайластыққа жол бермей, тұрғындар талап-тілегін тыңдап, нақты іс-әрекетімен жүйелі ойды қозғаса – халық сенімі артады. Ал халық сенімі – жемқорлыққа қарсы стратегиядағы төрт бағыттың ең маңыздысы.
Сайлауалды бағдарламамда келтірген қоғам арасында жемқорлыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру аталмыш департамент жұмысымен үндесіп тұр. Демек, бұл менің күн тәртібімнен түскен жоқ, түспейді де.
– Партияішілік праймериз тәуелсіз елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Жаңашылдыққа көзқарасыңыз?
– Дұрыс айтасыз, биыл «Nur Otan» тыңнан түрен салды. «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек, жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек» демей ме көнекөздеріміз. Шындығы да сол, шын тұлпар аламанда сыналады. Праймериздің қазақы түсінігі міне, осы. Екіншіден, бәсеке бар жерде даму бар. Бұл доданың ел дамуына тигізер пайдасы орасан. Ендеше, жаңашылдықты неге жатсынамыз? Кіл мықтылар ішінен кім мықтыны партияластар таңдайды. Байқасаңыздар, ел ішінде еленбей жүрген небір азаматтар бой көрсетті. Демек, зор серпіліс бар. Бұл үшін қуануымыз тиіс.
– Ойыңызды түйіндесеңіз?
– Праймериздің көксегені біреу: әлеуметіміздің әлеуетін арттыруға, елімізді жаңа деңгейге көтеруге күш салатын азаматтарды сұрыптау. Ендеше, ортақ мақсат жолында орайласатын сәт туды. Адамға қаншалықты мол мүмкіндік, талант берілсе, соншалықты ауыр жүк артылатыны замана шындығы. Ендеше, маған сенім білдірсеңіздер, білекті түріп, белді буып сенімдеріңізге селкеу түсірмеу жолында табанды еңбек етуге әзірмін. Себебі, сенім – сең бұзады.
– Праймеризде сәттілік серігіңіз болсын!

Әңгімелескен Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Share26Share

Главные события

No Content Available
  • Министр науки и высшего образования Республики Казахстан Саясат Нурбек немного раскрыл завесу о появлении вузов в г. Конаеве. 
Смотрим и комментируем ⬇️⬇️⬇️
Видео: bestnews #академгородокконаев #конаев #вузконаев @konaevkz
  • В ходе рабочей поездки министра национальной экономики РК Алибека Куантырова в Алматинскую область главой города был представлен доклад о проделанной работе и планах на перспективу.

Согласно действующему генеральному плану, общая площадь города на сегодня составляет 7109,5 га, но с учетом перспективного плана развития она будет увеличена более чем на 9684 га. Ожидается также рост числа жителей с 55 200 человек до более чем 110-130 тысяч человек.
Нурлан Куматаев, аким города Қонаев: «Огромное количество проектов планируется реализовать по линии архитектуры. Предстоит строительство нового города, который станет центром культурной и образовательной сферы.  Начаты работы по возведению жилых домов, которые по итогу станут целыми микрорайонами с развитой инфраструктурой и комфортной средой. Предстоит масштабная модернизация и благоустройство действующих улиц с созданием парковых зон и мест для отдыха».
  • @qonaevtimes мотивэйшн
  • Красивое видео от @plotnikov.kz многие мечтали здесь жить 😜
  • Конаев 💚💚💚

@mirkhattolkunov
  • Интересные мероприятия на следующую неделю
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды @askhattakebayev
  • Барлык Тореханов назначен руководителем ДКРЕМ по Алматинской области
В Департамент Комитета по регулированию естественных монополий МНЭ РК по Алматинской области назначен руководитель, им стал Барлык Адепканович Тореханов.
Б.А. Тореханов окончил Академию при Президенте Республики Казахстан Национальной школы государственной политики, является членом Ассоциации юристов, окончил университет Дюк ( штат Северная Каролина, США) государственной политики и менеджмента.
Трудовую деятельность начал с должности заместителя директора ТОО «Ақнұр» в 2000 году.
С 2003 года по 2004 год занимал должности юриста, главного инженера АО «Асыл Түлік», с 2004 по 2005 годы – начальник юридического отдела ТОО «СтройГруппМонополист», с 2005 по 2007 годы начальник отдела платных юридических услуг РГКП «Центр по недвижимости» по городу Астана, с 2007 по 2012 годы начальник управления юстиции Турксибского района, c 2012 по 2018 заместитель руководителя Департамента юстиции Алматинской области, 2018-2021 годы директор Департамента проектного

 управления КФ «Samruk – Kazyna Trust», 2021- 2022 годы занимал должность заместителя акима Талгарского района Алматинской области.
До настоящего времени Барлык Адепканович Тореханов занимал должность заместителя руководителя ДКРЕМ по Жамбылской области.
Барлық Төреханов Алматы облысының ТМРКД-ның басшысы болып тағайындал
  • ❗️Официальная информация: Три авиационных судна привлечено в тушении лесного пожара

Работа по тушению лесного пожара в Аулиекольском районе Костанайской области продолжается.

В тушении пожара задействованы:

▪️силы и средства в количестве 235 человек личного состава,
▪️32 единиц техники;
▪️3 воздушных судна;
▪️3 пожарных поезда (из них МЧС - 14 ед. техники); ▪️61 человек личного состава;
▪️2 вертолета с водосливными устройствами;
▪️МВД - 33 чел. личного состава;
▪️Минобороны - 20 чел. личного состава;
▪️Лесхоз - 15 ед. техники,
80 чел. личного состава, 1 воздушное судно;
▪️МИО -3 ед. техники, 20 чел. личного состава;
▪️АО «КТЖ» - 3 пожарных поезда (21 чел.).

По состоянию на 18:00 часов 2 вертолетами с водосливными устройствами МЧС проведено 12 сбросов и слито 36 тонн воды.
Забор воды для водосливных устройств ведется  из естественного водоема на расстоянии 25 км.
По  данным  РГП «Казгидромет» в Костанайской области сохранится высокая температура до 38 градусов, скорость ветра до 23 м/с.

Министром по чрезвычайным ситуациям Ильиным Ю.В. проведена воздушная разведка.
3 сентября в связи с осложнением метеорологической обстановки, в том числе высокой температурой воздуха 36 градусов, штормовыми порывами ветра до 28 м/с,  площадь пожара превысила 3000 га.

Проведена перегруппировка сил и средств, которые сосредотачиваются на защите населенных пунктов Аманкарагай  и Новонежинка. Проведена эвакуация населения из с.Озерное (население 250 человека) и северной части с.Аманкарагай (1000 человек). В с. Озерное происходит горение 3-х жилых домов, тушение осуществляется 6 пожарными автомобилями, с подвозом воды 8 водовозами.
Начата эвакуация с. Калинино - 228 человек, с. Лесное -363 человека. В 17 часов 20 минут создалась угроза нефтебазы с. Аманкарагай, на месте работают 3  пожарных автоцистерны (2-МЧС, 1-объектовая служба нефтебазы).

Напомним, для ознакомления с работой Оперштаба Глава государства намерен посетить Костанайскую область.

@almatyapat

Copyright © 2016-2022 Zhetysu Media

No Result
View All Result
  • Басты
  • Қоғам
  • Саясат
  • Экономика
  • Медицина
  • Білім
  • Cпорт
  • Құрылыс
  • Туризм
  • Экология

Copyright © 2016-2022 Zhetysu Media

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist