Бүгін Текелі қаласының тұрғындары игілігіне «Нұр Сұлтан» шағын маркеті ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы 278 шаршы метрді құрайды. Сауда нысанының иесі «Ахметзянова В.С» жеке кәсіпкерлігі.
Бұрын бұл ғимаратта дәріхана, тұшпара шеберханасы болған.
Аталған нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың қазан айында басталған. Жалпы нысан құрылысына 9 миллион теңге көлемінде инвестиция кәсіпкердің өз есебінен тартылған.
«Нұр Сұлтан» шағын маркеті өзіне-өзі қызмет көрсетуге негізделген заманауи сауда стандарттарына сәйкес келеді. Яғни пандус, сөмкелер үшін сөрелер, екі жақты моноблоктар сонымен қатар, сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін, сатып алу бағасын көру мүмкіндігі бар тақтайшалар орнатылған.
Бұл ашылған нысанда 5 текелілік тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.