Алматы облысы Сарқан ауданына қарасты Екіаша ауылдық округінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Екіаша орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауында айтып өткен еді.
«Ауылдағы ең өткір проблемаларды шешуге бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасатын болады. Өңірлік дамудың жаңа әдістері урбанизация процесін басқаруға, «көші-қон толқынының» кезең-кезеңмен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, ірі қалаларда халық санының артып кетіп, әлеуметтік шиеленісті болдырмауға мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өткен ғасырдың 60 жылдары салынған мектепті жыл сайын жамап жасқағанмен, білім ошағының жағдайы сын көтермейтін жағдайға жетіп,
Бүгінгі күні ауыл мектебінде 400- ден аса оқушы білім алуда.
Бағдарламаның шарапатын көріп жатқан Екіашалықтардың қуаныштарында шек жоқ.
Тамыз айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарын жауапты мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС.
Сонымен қатар, Екіаша ауылында биылғы жылы 7 шақырым болатын ішкі көше жолдарыда қатты жабын (асфальт) төселініп жатыр. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы- 2020» бағдарламсы аясында іске асуда.
Бүгінде барлық құрылыс жұмыстары қарқын алып, халық игілігіне бағытталған жұмыстар ерекше бақылауда екендігін айтып өткен жөн.
Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді-мекендердің хал-ахуалын жақсарту, қолайлы жағдай жасау мақсатында тың жобалар қолға алынып, жоспарлы жұмыстар атқару керек.
Ауыл тұрғындарының қолайлы өмір сүруі үшін алдымен сапалы жол, таза ауыз су, кең жолақты интернет желісі, жақсы медициналық көмек және әлеуметтік нысандардың болуы маңызды.
Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту ауылдағы тұрмыс сапасын жақсарту мен жұмыс орындарын құруды көздейтін басқа да бағдарламлар аясында жүзеге аспақ.
Айта кеткен жөн, жалпы мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 800 млн. теңге бөлінген.