Алматы облысында 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды « Jetisy Media», «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Жаңарып жатқан нысанның бірі – облыстық перинаталдық орталық. Бұл мақсатқа бюджеттен бір жарым миллиард теңге бөлінген. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар. Өңірде ауыл-аймақтарға да көңіл бөлініп отыр. Мәселен қазір 5 ауылда медицина мекемесі жаңадан салынып жатыр. Келесі жылы 20 ауылдық амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын жүргізу көзделген.
Өмірзақ Ниязбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – Қазіргі мәселе дәрігерлерде. Жоғары оқу орындарынан дәрігерлер жіберіліп жатыр. Екі ірі медициналық колледждеріміз бар дайындайтын және басқа жоғары оқу орнының түлектері бізге келіп жатыр.