«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жалғасуда. Жоба шеңберінде әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік инфрақұрылымы, елді-мекендерді абаттандыру бойынша жобалар іске асуда. Сондай-ақ таза ауада спортпен жаттығу үшін қолайлы жағдайлар жасауға баса назар аударылған.
Бес ауылдық округте спорт нысанында жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шағын ауылдардағы спорт алаңдары футбол, баскетбол, волейбол ойындарына лайықталған. Стадиондарды жөндеу бойынша жобаны іске асырудың арқасында 12 адам жұмысқа тартылып отыр.