Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 166 – бабының
6-тармағына сәйкес бақылау-кассалық машинасының (бұдан әрі – БКМ) чегі мынадай ақпаратты:
1) салық төлеушінің атауын;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3) БКМ зауыттық нөмірін;
4) БКМ салық органындағы тіркеу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
8) фискалдық белгіні;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) БКМ пайдаланылатын жердің мекенжайын;
15) БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректер беру функциясы жоқ БКМ чектеріне қолданылмайды.
Бұл ретте тауарлар/жұмыстар/көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатурасы және өлшем жіктеуіші белгіленбеген. Фармацевтикалық тауарларды өткізетіндерді қоспағанда, салық төлеушілер тауарлардың өзіндік номенклатурасын және олардың өлшем бірліктерін пайдалануға, сондай-ақ өз бетінше немесе БКМ техникалық қызмет көрсету орталықтары арқылы БКМ жоғарыда көрсетілген талаптарды енгізуге (БКМ қайта жаңғырту) мүмкіндігі бар. Фармацевтикалық тауарларды өткізетін тұлғалар бекітілген дәрілік заттардың атауларын пайдалануы қажет.
Салық төлеушілер БКМ қолданған кезде қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екендігіне назар аударамыз (Салық кодексінің 13-бабының
3- тармағының 4) тармақшасы).
Онлайн-БКМ басып шығарылатын чектерін Салық кодексінің талаптарына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлаймыз.
Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің нормаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 284-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Туындаған сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8/728-2/60-11-17, 8/728-2/ 60-12-57, байланыс нөмірі 87058760757.
Онлайн-БКМ басып шығарылған чектің үлгісі
1) ЖШС немесе ЖК атауы;
2) ЖСН 123456789101 (12 Сан);
3 )БКМ (БКМ зауыттық нөмірі көрсетіледі));
4) РНМ 123456789101 (БКМ тіркеу нөмірі 12 сан көрсетіледі);
5) чектің № (чектің реттік нөмірі көрсетіледі);
6) күні мен уақыты, мысалы: 01.01.2020, 10: 00;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігінің бағасы;
8 )ФП (цифрлар түрінде фискалдық белгі көрсетіледі);
9) ҚДҚ (Қазақтелеком АҚ немесе Транстелеком АҚ және чекті тексеруге арналған сайт);
10) тауардың, жұмыстың, қызметтің атауы (атауы Толық көрсетіледі, фармацевтикалық құралдарды өткізген жағдайда бекітілген атауға сәйкес дәрінің атауы көрсетіледі);
11) саны және өлшем бірлігі (сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі);
12) сату сомасы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы);
13) ҚҚС (ставканы көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы);
14) қала, көше, нөмірі (БКМ пайдалану орнының мекенжайы));
15) QR-код (БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код) басылады.