Жаңа оқу жылында аз қамтылған отбасылардың балаларына жағдай жасау мақсатында 55 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынады.
Бүгінгі күні компьютерлік техниканың алғашқы легін жеткізу басталды.
Техникалық ерекшелікке сәйкестігін мұқият тексергеннен кейін дербес компьютерлер Ақсу және Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласының оқушыларына жеткізіледі.
- Сонымен қатар, жақын арада планшеттер мен ноутбуктер алып келінеді. Компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуға республикалық бюджеттен 8 624 191 мың теңге бөлінді.