Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының Талдықорған қаласына барып, Еркін ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Медициналық нысан бір ауысымда 100 азаматқа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсете алады, деп хабарлайды «Jetisy Media», ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сондай-ақ министр модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылыс алаңына барған. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салуды тапсырды. Қазір өңірлерде әкімдіктер 12 модульдік инфекциялық аурухананың құрылысына және биыл қазан айында пайдалануға берілетін бір аурухананы қайта жаңартуға кірісті. Бұл жұмыс пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық аясында жүзеге асуда және халықты уақтылы, сапалы көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді А.Цой.