Елдегі төтенше жағдай тоқтатылғанымен індетпен күрес әлі күнге жалғасып келеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жолдау арнады.
Пандемияның белең алуы тек адам денсаулығына ғана емес ішкі және сыртқы саясатқа кері ықпал етуде.
Осыған орай Президент жолдауда «пандемия мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін көрсетті»,- деп атап өтті.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты биыл 10% – ға, келесі жылы 15%-ға қысқарту керектігін айтты. Үнемделген қаражат есебінен қызметкерлердің жалақысы көтерілетін болатынын жеткізді.
Ал, ұстаздар қауымы үшін жағымды жаңалықта айтылды. 2021 жылы мұғалімдердің жалақысы 25% – ға артады. Бұл білім беру ісіне бөлінген көңілдің бір ғана көрінісі. Одан бөлек мектепке дейінгі білім беру ісі де басты назарға алынбақ.
Президент 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз етуді міндет етіп қойды.
Осы тектес міндеттердің жүзеге асуына баршамыз ат салысуымыз керек. Елдің болашағының кемелденуі сіз бен бізге байланысты.
Нұрбақыт Теңізбаев,
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы