Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті рет халыққа жолдаумен тікелей эфирге шықты.
Қазіргі кезде Президенттің мәлімдемесі өте маңызды. Өйткені, жағдай бақылауда тұрғанымен қауіптің беті сейілген жоқ. Індеп әп сәтте өршіп кетуі мүмкін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз баяндамасында пандемияның кем дегенде 2 жылға созылатынын айтты.
«Біз азаматтардан ештеңе жасырмадық, өлім туралы ақпаратты ашық жарияладық. Шындық қандай кермек болса да жасырмадық. Босаңсуға жол берілмеуі керек. ДДСҰ болжамдары бойынша пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет»-деді Қ. Тоқаев.
Осындай мәлімдемеден кейін елдің етек жеңін жиған қалпын сақтағаны дұрыс. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қазақы тәмсіл бар. Осыны естен шығармауымыз керек.
Дәрігерлер қауымы індетпен күресте алдыңғы қатарда жүрді. Олардың міндеті десекте еңбекті бағалаған мемлекетке айтар алғыс зор. Бүгінгі күнгі жолдауында Президент медицина қызметкерлерінің үстемақысына 150 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Әрине қуантарлық дегенмен қаржыдан бұрын халықтың қамы басты орында болуы керек.
Дені сау ұрпақ-ұлттың байлығы екенін естен шығармайық. Алда әлі талай белес бар. Оған жету үшін жақындарыңызбен өзіңізді түрлі кеселден сақтаңыздар.
Марат Досқалиев,
Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының директоры