Конституция күні қарсаңында Қызылтоған ауылында жаңа мектеп есігін ашты. Бұл туралы Көксу ауданы әкімдігінің ресми өкілі Айгүл Айманбекова хабарлады.

Сән-салтанаты жарасқан 2 қабатты 120 орындық білім ордасынын мердігер «СП NEFT» ЖШС мерзімінде аяқтап шығып Конституцияның 25 жылдығына орай тамаша сый жасады. Қызылтоған орта мектебінің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Алмас ӘДІЛ қатысты. Мектеп қазақ тiлiнде бiлiм беруге арналған. Бұл жобаның жүзеге асырылуы үшiн облыстық бюджеттен 717 млн. теңге қаражат бөлiндi. Ендi жас қызылтоғандықтар жаңа ғимаратта, ашық та ыңғайлы сынып бөлмелерiнде өз бiлiмдерiн жетiлдiретiн болады. Биылғы пандемия жағдайына байланысты 1-4 кезекші сыныптардағы 40 оқушы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп қабырғасында білім алса, 62 оқушы қашықтықтан оқитын болады.

Жаңа бiлiм ғимаратының ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары мемлекетке де, осы игiлiктi iске күш жұмсаған барлық сала мамандарына да өз алғыстарын айтуда. Көксу ауданының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *