Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай — болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.
Ғұлама ақынның туғанына биыл 175 жыл толды.
Өзі өлсе де сөзі өлмеген ұлы Абайдың ұлағаты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға ұласып, туған халқымен бірге жасай бермек. Оның біз білетін 200-ге жуық өлеңі, 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар. Бірақ қанша уақыт өтсе де Абай мұралары өміршеңдігін жоғалтпайды.
Үшарал қаласында көпқабатты үйдің қабырғасында Хәкім Абайдың портреті
«Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында, аудан әкімі Әлібек Жақанбаевтың қолдауымен салынды.
Бүгінгі таңда қала көркіне сән беріп, шырайын келтіретін демалыс орындары бой көтеріп келеді.
Солардың бірі ретінде бұл муралдың салынуы қаламыздың гүлденіп, көркеюіне үлес қосып, жас ұрпақ санасында Абай еңбектері мен шығармалары мәңгі мұра болып қалары анық.